БЕЙНЕРОЛИКТЕР

Дәреже: Бейнероликтер

 

Үйірме сабақтарының негізгі мақсаты – өз бетінше дами алатын жеке тұлғаның белсенділігін қалыптастыру, оқушыларға өз бетінше танымдық іс- әрекет әдістерімен дағдыларын меңгерту, ақыл -ой қабілетін жетілдіру. Оны мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттер негізге аламыз.
-әр оқушының шығармашылық арнайы ерекшеліктерін ескеру;
-оқушының белгілі бір өнер түріне деген қызығушылығын арттыру;
-имандылыққа, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу бағыттарын жүзеге асыру;
-оқушының жас ерекшелігін ескеру;
-техникалық білім мен біліктілікті қалыптастыру. Осындай мақсат, міндеттерді негізге ала отырып, Инстаграмм, Фейсбук интернет желісінде "Үйірме-2020" айдарымен мектебімізде өткізіліп отырған үйірме сабақтарынан бейнетаспа үзінділерінен көрсетілімді ата-аналар қауымы, желі қолданушылары тамашалай алады.

«Салауатты өмір – нұрлы болашақ

16.02.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ- де «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» дене шынықтыру апталығы аясында 6-7 сыныптар арасында «Дене шынықтыру сауаттылығы – теория мен практика» тақырыбында олимпиада ұйымдастырылды.Олимпиадаға қатысушылар жазбаша тест тапсырды.Теорияны меңгерген оқушылар ағзаға пайдалы жаттығулармен шұғылданды. Ұйымдастырушы:дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Калкаманов А.Е.

2021-02-17 09:24:10

Скачать

«Денсаулық сақтаудың ережелері» тақырыбында іс-шара өтті.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ 1«А» сыныбында дене шынықтыру апталығы аясында «Денсаулық сақтаудың ережелері» тақырыбында іс-шара өтті. Іс -шара мақсаты: - Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау,білімдерін тереңдету; салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Оқушылар салауатты өмір салтын ұстану ережелерімен таныстырды. Сынып жетекші: Жунусова А.Н

2021-02-17 09:21:52

Скачать

" Балалар спорт әлемінде" тақырыбында ашылу салтанаты онлайн форматта өткізілді.

15.02.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "24 мектеп-интернат" КММ-де дене шынықтыру-сауықтыру сауаттылығы апталығы аясында мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері мен " Балалар спорт әлемінде" тақырыбында ашылу салтанаты онлайн форматта өткізілді. Апталық аясында мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілерімен таңертеңгілік жаттығулар, қысқы ойындар ата-аналармен бірлесе отырып ұйымдастырылды. #балқашденешынықтыруапталығы #неделяфизическойкультурыбалхаш #здоровымбудешьвседобудешь #здоровьемоебогатство #balqash_qalasy_bilim_bolimi #umckrg.gov.kz

2021-02-16 08:42:41

Скачать

«Біз елдің жарқын болашағымыз» тақырыбында үгіт –насихат тобының сайысы ұйымдастырылды.

«15 ақпан –Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай» 5-6 сынып оқушылар арасында «Біз елдің жарқын болашағымыз» тақырыбында үгіт –насихат тобының сайысы ұйымдастырылды. Қатысушылар 5 «А» сынып оқушылары.Сынып жетекші:Оспанова Ж.Н

2021-02-16 08:38:48

Скачать

«Салауатты өмір –жарқын болашақ» дене шынықтыру апталығы аясында 9-11 сынып оқушылары кездесуге қатысты.

15.02.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп -интернаты» КММ –де «Салауатты өмір –жарқын болашақ» дене шынықтыру апталығы аясында 9-11 сынып оқушылары кездесуге қатысты. Кездесу тақырыбы: «Жасөспірімдер арасында ЖИТС –тың алдын алу».Кездесу қонағы: Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының облыстық ЖИТС –тың алдын алу және күресу орталығының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәрігер –эпидемиологы А.А.Батырбекова.Дәрігер –эпидемиолог А.А.Батырбекова оқушыларға ЖИТС ауруынан сақтану жолдарын түсіндірді.Оқушыларды жаман жат қылықтардан аулақ болуға,салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. #балқашденешынықтыруапталығы #неделяфизическойкультурыбалхаш #здоровымбудешьвседобудешь #здоровьемоебогатство #balqash_qalasy_bilim_bolimi #umckrg.gov.kz

2021-02-16 08:37:29

Скачать

"Бәрі де махаббаттан басталады" ата-анамен кітап оқу сағаты өткізілді.

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты апталықтың іс-шара жоспарын жүзеге асыру барысында 2021 жылдың 8 ақпан күні 2"А" сынып оқушыларымен "Бәрі де махаббаттан басталады" ата-анамен кітап оқу сағаты өткізілді. Мақсаты: ата-ана мен баланың арасындағы байланысты нығайтып, салауатты, саналы ұрпақты тәрбиелеу.

2021-02-15 09:22:35

Скачать

«Заң және жасөспірім» тақырыбында 9 «Б» сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ- де «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Заң және жасөспірім» тақырыбында 9 «Б» сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті. Оқушыларға ақпарат кеңінен таратылды.Сынып жетекші: Маулетова И.О оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша бяндап берді. Оқушыларды «Өз ойымды айтайын» атты ашық микрофонға шақырды.Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, жамандықтан жиренуге, бойына жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға үйренді.

2021-02-15 09:19:35

Скачать

"Құқықтық навигатор"құқықтық сауаттылық апталығының ашылуына байланысты хабарландыру жасалынды .

08.02.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің « №24 мектеп-интернаты» КММ –де "Құқықтық навигатор"құқықтық сауаттылық апталығының ашылуына байланысты хабарландыру жасалынды . Хабарландыру мақсаты: Құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі қарай арттыру және құқықтың мәні,мағынасы мен ұғымы,оның әлемдегі орны,құндылықтары мен маңызы, адам, қоғам және мемлекет өміріндегі халық пен адамзат тағдырындағы рөлін зерттеу болып табылды. Бұл апталықта №24 мектеп –интернатының оқушыларының арасында туындайтын құқықтық жауапкершiлiк жайлы; ҚР Қылмыстық және Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы толық мәлiмет берiлетін болады. Құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі қарай арттыру және құқықтың мәні,мағынасы мен ұғымы,оның әлемдегі орны,құндылықтары мен маңызы, адам, қоғам және мемлекет өміріндегі халық пен адамзат тағдырындағы рөлін зерттеу болып табылды.

2021-02-15 09:18:06

Скачать

«Толеранттылық – бейбітшілік мекені» танымдық сабағын 5 «А» сынып жетекшісі Ж.Н.Оспанова өткізді.

09.02.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ- де «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Толеранттылық – бейбітшілік мекені» танымдық сабағын 5 «А» сынып жетекшісі Ж.Н.Оспанова өткізді. Танымдық сабақта оқушыларың құқықтық сауаттылығы арытып, өзге ұлтты сыйлауға, салт -дәстүрін қадірлеуге,өз салт-дәстүрін ұмытпауға үйренді.

2021-02-15 09:15:25

Скачать

«Мен салауатты өмір салтын сақтаймын!» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.

09.02.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ- де «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Мен салауатты өмір салтын сақтаймын!» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы:5 «Б» сыныбының жетекшісі Абрамова Т.А #құқықтықсауаттылықапталығы @umckrg @balkhash.goo.kz @balqash_qalasy_bilim_bolimi #құқықтықнавигатор #balqash_qalasy_bilim_bolimi #umckrg.gov.kz

2021-02-15 09:13:15

Скачать

«Әлем балалары»

09.02.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ- де «Әлем балалары» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында өткен тәрбие сағатының мақсаты:оқушылардың құқықтық сауаттылығын кеңейту , отбасы – бала тәрбиесінің алтын ұясы екенін түсіндіру. Сынып жетекші Р.С.Дуйсенбекова оқушыларға «Әлем балалары тәрбиесі» атты бейнефильм көрсетті.Оқушылар әлем балаларының тәрбиесі туралы өз ойларын жеткізді.

2021-02-15 09:11:37

Скачать

«Өнегелі өмір»

09.02.2021 күні облыстық «Өнегелі өмір» жобасы аясында және 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай 32 жыл толуына орай кездесу өтті. «Ерлік ұрпаққа аманат!» тақырыбында өткен кездесу мақсаты: ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында тарихқа шолу, Ауған соғысы туралы мағұлмат алу, оқушыларымызға ардагерлердің ерлігін насихаттау және кәсіптік бағдар беру. Іс-шараға Ауған соғысының ардагері жерлесіміз Аязбаев Мұрат Жолдасбайұлы шақырылды.ДТІЖО К.А.Бейсекина барлық қатысушыларды құттықтап, шараға келген қонаққа алғыс білдірді.Шараға қатысқан М.Ж.Аязбаев ерлігі және өмірі жайлы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, өз елінің патриоты болуға шақырды.Кездесу барысында мектепішілік «Тәуелсіз елдің- бақытты ұланы» сайысының қорытындысы бойынша «Жас сарбаз» патриот клубының мүшелеріне марапаттар табысталды. Шара соңы 7 «А» сынып оқушыларынан құралған үгіт-насихат тобының өлең жолдарымен жалғасты. Сынып жетекшілер: Т.А.Абрамова;Е.К.Ахай;Шондина Э.В ұйымдастырған шараның оқушылар үшін маңызы зор, тағылымы мол, кейінгі ұрпаққа үлгі екені сөзсіз. Қатысушылар саны: 45

2021-02-15 09:10:19

Скачать

бiрiншiсi 1 5 6 7 8 9 12 соңғысы