Размер шрифта:

Мектеп басшысының баяндамалары

Дәреже: Мектеп басшысының баяндамалары

Мектеп басшысының баяндамалары

Құрметті ата-ана !

Елімізде белең алып жатқан оқиғаларға байланысты балаларымыз мектепке келе алмай, ұстаздарымыз қашықтықтан білім беріп сын сағатқа түсіп жатыр! Ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс алшақтап кеткен уақытта ата-аналардың қолдауынан үлкен үміт күтеміз! Оқушылардың толық қанды білім алуына «Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі» КММ педагогтар ұжымы барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жатыр! №24 орта мектебінің педагогтары қашықтықтан оқыту үрдісін келесі платформалар арқылы ұсынады: Теледидар сабақтарын пайдалану. 1-11 сыныптарға арнап "Балапан" телеарнасында қазақ тілінде , "Ел-Арна" телеарнасында орыс тілінде білім алушыларға арналған сабақтар жүргізіледі. Теледидар арқылы балаларыңыздың білім алуына жағдай жасалады. Сабақ берудің эфирдегі уақыты сағат 09-00-ден 15-00-ге дейін. Bilimland.kz, sabak.kz, youtube.com және ZOOМ білім беру платформаларды пайдалана отырып, пәндер бойынша бейнесабақтар трансляциясы ұйымдастырылатын болады. Daryn.online.kz сайтына қазақ тілінде әзірленген сабақтар орналастырылады. Facebook, Instagram және мектеп сайттары, әлеуметтік желілер арқылы тәрбиелік іс-шаралар үшін әзірленген бейнеконтент орналастырылады. Педагогтар әр түрлі коммуникация құралдарды, яғни – әлеуметтік желілерді, уотсапп, скайп желілерін пайдалана отырып оқушылармен арнайы құрылған сабақ кестесі бойынша сабақтар жүргізеді. Қашықтық форматта сабақ жүргізу барысында мониторинг, бақылау жүйесі ұйымдастырылады. Құрметті ата-аналар! Орны толмас өкініш болмас үшін, әр баланың шаттық күлкісі үшін, сіздер үйде отырып, сақтық шараларын жасаңыздар, әр балаға үлкен жауапкершілік туралы түсіндіріңіздер! Сабыр мен төзімділікті осы кезде көрсетейік! Бір - бірімізге қамқор болайық! Баланың өмірі, сіздердің өмірлеріңіз бізге қымбат! Біз бұл індетке қарсы тұра аламыз, сіз бен біздің бұл пандемияны жоюға, жеңуге барлық мүмкіндігіміз бар! Бір шаңырақ астында, отбасы бақытын бірге бөлісіп, балалардың білім алуына қолдау көрсетіп , бізбен бірге болыңыздар! Біз сіздермен біргеміз!

2020-03-30 21:56:16

Скачать Смотреть

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

8- наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер.

2020-03-10 18:26:19

Скачать

1 наурыз – Алғыс айту күні

1 наурыз – Алғыс айту күні

2020-03-10 18:18:28

Скачать

Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата – аналар және кеш қонақтары!

Әр кезде де мектеп өмірінде ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса қадірлі көрінер, соның ішінде ұстаздың да, шәкірттің де көңілін босатып, жан – жүйесін иер, сөйтіп бір беймаза толқынысқа түсіріп, көңіл құсын аспанға шарықтатар соңғы қоңырау салтанатының орны бөлек екендігі даусыз. Соңғы қоңырау. Қарапайым ғана естiлер осы бір сөзде, шындығына келгенде, қаншама тылсым да мағыналы құдірет жатқандығын аңдаған жан ғана түсінер. Өйткені бұл бала шәкірттің дана ұясынан жез қоңырау үнін соңғы рет есту сәті ғой. Солай десек, соңғы қоңырау балаң түлектің қимас көз жасы, солай десек, соңғы қоңырау талапты шәкірттің болашаққа деген іңкәр арманы, не дегенмен де ол шәкірттік өмірмен “қош – қош” айтқызып, азамат деп аталатын айбынды арғымақты ерттеп мінгізу.

2019-06-06 13:24:58

Скачать

Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

2019-05-06 13:13:17

Скачать Смотреть

Сабыр мен төзімнен , сұлулық пен жылулықтан жаралған құрметті біздің аналар, аяулы әжелер,, көктемдей құлпырған қыздар!

Жылы шырайлы көктемнің алғашқы күндерімен бірге келетін 8 наурыз мерекесімен құттықтаймынІ Көктем мерекесі сіздерге сезімнің жылуын, ақ ниеттің тазалығын, нәрлі күш-қуат сыйласын! Сіздердің шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт, отбасыларыңызға амандық , елімізге тыныштық тілеймін. Алаштың ұлтжанды азаматтарын тәрбиелеп, ұлттың да ұрпақтың да бесігін түзейтін, әлемді қолымен тербейтін әйел-аналарымыз! Өмірдегі әйел заты жаққан шырақ ешқашан сөнбесін! Мерекелеріңіз құтты болсын !

2019-03-11 10:18:24

Скачать Смотреть

«Жастар жылының» ашылу салтанатының трансляциясына пікір

«Жастар жылының» ашылу салтанатының трансляциясына пікір

2019-02-15 10:01:16

Скачать Смотреть

Құрметті оқушылар, ата-аналар!

Сіздерді біздің еліміздің басты мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің үшінші онкүндігінде Қазақстан өзін-өзі өршіл міндеттер қойып отыр, оның шешімі ұзақ мерзімді перспективада мемлекет дамуының векторын анықтайды. Бізде алға жылжу үшін нақты нұсқаулар бар. Мемлекет басшысының алғашқы күндерінен бастап дамудың ең жақсы үлгісі ретінде Елбасының даналығы мен түсінігі бізді қазіргі жеңістерге алып келді. Біздің басты құндылығы - олардың жұмысы адам, тарихы мен салт-дәстүрлерін құрметтеу, өз Отанын тойлайды. бірге оның Президенті Қазақстан халқы егеменді, гүлденген мемлекет құруға жалғастыруда. Бүгінгі күні жаңа ұрпақ өсіп келеді, шығармашылық, интеллектуалды жетістіктерімен, ізгі істерімен біздің қаламызды, өңірімізді, біздің Қазақстанды даңқтайтын еркіндік рухын, сәттілік пен жеңісті жетілдіреді! Осы маңызды күні сіздерге зор денсаулық, бақыт және тұрақтылық тілеймін! Бейбітшілік, үйлесім мен түсіністік әрдайым сіздің үйде билік жүргізе алады. Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

2018-12-16 12:28:19

Скачать Смотреть

"Ұлы даланың жеті қыры"

"Ұлы даланың жеті қыры"

2018-11-28 15:12:35

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 3 4 кел. соңғысы соңғысы