Размер шрифта:

Дәреже: Все

"Зайырлы мемлекет және биік руханият" атты көрме ұйымдастырылды

18 қазан – ұлты мен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Осы мерекеге орай, бүгін.12.10.2021ж мектеп кітапханасында "Зайырлы мемлекет және биік руханият" атты көрме ұйымдастырылып, 3б сынып оқушыларын аақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ.

2021-10-14 14:51:20

Скачать Смотреть

«Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» акциясы

Акция барысында оқушыларға кітапты күту және дұрыс ұстау ережелерін айтып, мектеп бағдарламасындағы кітаптардың жөні тіптен бөлек екенін, олардан кейінгі буынның да ұстайтынын айтып өтті. Мектеп парламенті ұйымының мүшелері мен мектеп кітапханашысы 1-4,8,9сынып оқушыларының кітаптарын тексеріп шықты. Мектеп бойынша барлығы 50% оқулық тексерілді. Олардың 8%-ы бүлінген. Кітаптары қапталмаған, шимайланған және жыртылған оқушыларға және мұғалімдеріне ескерту айтылды. Айтылған ескертулерді түзету үшін мектеп парламенті ұйымының оқушылары мен мектеп кітапханашысы әр дүйсенбі сайын оқулықтарды тексеруді қолға алды.

2021-10-14 10:33:08

Скачать Смотреть

«Оқушылардың қабілет ерекшеліктерін анықтау» әдістемесінің ақпары

Тренинг мақсаты: Оқушылардың болашақта кім болатынын сурет салу арқылы анықтау. Мектебімізде Қазан айында мектебімізде мамандық таңдауға психологиялық тұрғыдан бағыт-бағдар беру мақсатында 4 А, Ә, Б сынып оқушыларынан «Оқушылардың қабілет ерекшеліктерін анықтау» әдістемесі бойынша болашақта кім болатынын сурет арқылы анықтау жұмыстары жүргізілді.

2021-10-13 16:38:24

Скачать Смотреть

«Балқаш қаласы № 9 жалпы білім беретін орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІБІНІҢ ЕРЕЖЕСІ

«Балқаш қаласы № 9 жалпы білім беретін орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІБІНІҢ ЕРЕЖЕСI

2021-10-13 10:27:00

Скачать Смотреть

Темперамент типін анықтау тестінің ақпараты. 2021-2022 оқу жылы

Мектебімізде Қазан айында 3 А, Ә, Б және 4 А, Ә, Б сынып оқушыларымен Темперамент типтерін анықтау тестін алдым. Тренинг мақсаты: Сыныптың темперамент типтерін анықтау. Қорытынды: Оқушылардың басым бөлігі флегматик, сангвиник темпераментіне жатады. холериктер – сезімтал, агрессивті, шамданғыш, көңіл-күйі өзгергіш, басқамен қарым-қатынаста я сезім қатынасында тұрақсыз, әр түрлі жағдайларда соқпа мінезді, оптимист, белсенді, сенгіш, ашуланшақ. Сангвиник – ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, қысылып-қымтырылмаытын, өмір сүйгіш, уайымсыз, көтерінкі көңілді, басшылыққа бейім. Флегматик – сақ, енжар, байыпты, өзгеге жақсылық тілегіш, ынтымақшыл, өз ісін ойлап істейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Меланхолик – беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, пессимист, тұйық, ұстамды, көп сөзі жоқ, ригіттік. Ұсыныс: Оқушылармен жұмыс жасау барысында мінез-құлқын да ескерген дұрыс. Мектеп психологы: С.Абеуова 87007307302

2021-10-09 12:34:07

Скачать Смотреть

«Мемлекеттік Рәміздер – ел мәртебесі» атты кітап көрмесі

Мектебімізде 07.10.21 күні «Мемлекеттік Рәміздер – ел мәртебесі» атты кітап көрмесі өткізілді. Көрмеге 3 А сынып оқушылары қатысты.Кітапханашы К. Абдуали. оқушыларға рәміздердің шығу тарихын, оны әрқашанда құрметтеу керек екендігін насихаттады.Оқушылар Мемлекеттік әнұранды орындап, сұрақ –жауаптарға жауап берді.

2021-10-08 14:53:28

Скачать Смотреть

Cыбайлас жемқорлық туралы және жалпы ережелерімен бөлісу

29- тамыз 2021 жылы мектебімізде педагогикалық кеңес болып өтті. Онда «Педагогикалық әдеп қағидалары» тақырыбы қозғалды. Мектеп директоры Жолдасова Дина Турсыновна педагогикалық әдеп,сыбайлас жемқорлық туралы және жалпы ережелері туралы айтып мағұлмат берді. Педагогтің негізгі қағидаттары туралы бастауыш сынып мұғалімі Әбдіғаппар Үміт Сейтжанқызы тоқталып өтті. Педагогикалық әдептің негізгі нормалары туралы бастауыш сынып мұғалімі Жолдасова Шынар Аңсабаевна таныстырды. Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес мүшелеріне,дауыс беру арқылы құрылды.Кеңес мүшелері8 адамнан құрылды.

2021-10-07 14:58:59

Скачать Смотреть

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

2021-10-07 14:57:13

Скачать Смотреть

Контингент: 10-11 сыныптың қыз балалары Өткізілген күні: 06.11.2021

Мақсаты: Қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез-құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жүру барысы: Тренинг барысында оқушылармен жақсы қарым – қатынас орнату әрі қарай бірге жұмыс жасау үшін топқа ортақ, жағымды ауа райы (атмосферасын) құру. Қыз балаларға өз бойынан өмірді қолдануға қажетті жағымды қасиеттерін табуға көмектесу мақсатында тренингтер өткізілді. Қыздар тренингке белсене қатысып жақсы әсер алғандарымен бөлісті. Тренинг қыздардың көңіл – күйлерін көтерді. Әр оқушы бойында сенімділік. Пайда болды.

2021-10-06 16:41:05

Скачать Смотреть

Тренинг «Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!»

2021 жылдың Қазан айының 5-ші жұлдызына жас мамандармен тренинг жүргізілді. Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?,- деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Жас мамандармен: Танысу шеңберімен басталып, «Қасиеттер жиыны», «Құпия сөздер», «Жарнама агенттігі», «Ұстаз тұлғасы», «Жасырын хат, ойлан тап!» топтық ойын, психологиялық тренингтер жүргізіліп, рефлексия мен қорытындыланды.

2021-10-05 14:32:53

Скачать Смотреть

«Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» психологиялық тренинг туралы ақпарат.

Мектебімізде қыркүйек айында 5 сынып оқушыларымен «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» атты психологиялық тренинг өткізілді. Қыздармен «Танысу», «Күн шуағы», «Сергіту сәті», «Жүректен жүрекке» әдістерін қолдана отырып тренинг жүргізілді. «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» слайд көрсетілді. Тренингтің мақсаты: Қыз балалардың бойындағы жағымды қасиеттерін шындау, әр сынып қыздарының арасында қасет қалыптастыру. Қыздармен әңгімелесе отырып ар-намысын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу.

2021-09-29 08:18:39

Скачать Смотреть

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

2021-09-28 10:22:17

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 41 42 43 44 45 66 соңғысы