Дәреже: Все
«Балалардың желідегі қауіпсіздігі буллинг және кибербуллинг» ақпараты28.11.2023 күні 5-10 сынып оқушыларына және ата-аналарына «Әлімжеттік және буллинг дегеніміз не»?тақырыбында қысқаша материалдарды ватцап чаттарға видео жіберілді. Мақсаты: әрбір баланың табысты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау,физикалық,психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау.Міндеттері: • білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдер мен ата-аналарға сауатты көмек көрсету;• оқушылар арасында девиантты мінез-құлық құбылыстарының алдын алу;• коммуникативті дағдыларды дамыту, жасөспірімдерде өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру;• жанжалды бейбіт түрде шешуді үйрету дағдыларын қалыптастыру. Буллинг (bullying) – ағылшын тiлiнeн аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дeгeндi бiлдiрeдi. Адам үйдe, мeктeптe, автобуcта нeмece интeрнeттe, жалпы айтатын болcақ, кeз кeлгeн жeрдe буллингкe ұшырауы мүмкiн. Бұл кeз кeлгeн адамның баcында болатын жағдай. Буллинг әр түрлi мағынаны бiлдiруi мүмкiн. Ол: • адамды мазақтау, қорлау, cоқтығыcу • оның ақшаcын нe баcқа заттарын тартып алу, оларды бүлдiру • cол жайында өceк тарату • оны eлeмeу нeмece жeкeлeту • рeнжiтeтiн, жаман әзiл айтып, баcқа адамдардың алдында ыңғайcыз жағдайға қою • ұрып-cоғу, тeпкiлeу, итeру нeмece баcқаша зақым кeлтiру сөзі шет тілінен аударғанда @uo_krg@#balgash_galasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие Педагог-психолог: Дулатова Т.Т |
2023-12-04 09:22:50 |
Скачать Смотреть |
"ҰБТ-да балаға психологиялық қолдау көрсету"сынып сағатыҚазіргі таңда елімізде мектеп бітіруші түлектеріне арналған ҰБТ-ға психологиялық қолдау көрсетудің бірыңғай моделі жоқ. Психологтар өздерінің тәжірбиесіне және психологиялық теориялық білімдеріне сүйене отырып көмек көрсетіп келеді. ҰБТ-ға байланысты мектеп тарапынан болатын қысым немесе мектеп «абыройы үшін» деп оқушыларға түрлі үгіт-насихат жургізу мектеп басшыларының, ұстаздардың баланың психикалық даму ерекшеліктерімен санаспайтынының белгісі. Осы кезде ата-ана баласының түрлі сәтсіздіктерге төтеп бере алатындай иммунитетін қалыптастырып, үнемі ашық сөйлесіп, шынайы жанашырлық таныта білуі керек. Ата-ана да, ұстаздар қауымы да ҰБТ-дан алған бағасы үшін баланың өз-өзіне деген сенімділігін төмендетпеуі қажет. Жасыратыны жоқ, кейде ата-ана онсыз да үрейленіп жүрген баласымен қосылып, оның қорқынышын одан әрі үдетіп, оның бойында қорқыныш қалыптастырады. Бала мен ата-ана арасында жылы психоэмоционалды байланыс болса, бала қолдауды сезсе, өзіне сенімді болады, Ата- анаға кеңес: Баланың жүрістұрысына жіті мән беру. Баланың психикалық даму ерекшелігін естен шығармау. Оны тыңдай алу, сөзіне мән беріп, әңгімені кейінге қалдырмау. Баланың жеке кеңістігіне қол салмау, шешімдеріне сыйластықпен қарау. Шамасы келмейтін, өресіне сыймайтын талап қоймау. Жасөспірімдік кезде болатын өтпелі кезеңде мінезқұлқында гормондық дамуға байланысты болатын өзгерістерді есепке ала отырып, қарым-қатынас жасау. Баламен қарымқатынаста жиі түсініспеушілік жәйттер орын алатын болса маманның кеңесіне жүгіну. Баланың дайындығына қойылатын арнайы бекітілген талап жоқ, дегенмен сақталуы керек бірқатар ережелер бар: Күн тәртібін жоспарлап қою. Уақытты тиімді пайдалану. Дұрыс, дұрыс тамақтану. Осыған атаана көбінесе жүрдім-бардым қарайды. Құнарлы, нәрлі, уақтылы тамақтану адам денсаулығына, көңілкүйіне оңды әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Ой еңбегінде дұрыс тамақтану өте маңызды. Отбасында жыжыл, жаймашуақ орта қалыптастыру. Дене жаттығуын жасату. Уақытында ұйықтатып, ұйқысын қандыру. «Баламыз күні-түні бас алмай кітапты жастанып ұйықтайды, әбден титықтады». Мұндай дайындықтан нәтижеден жоғары нәтиже шығады деу қиын. Күн тәртібі сақталмаса, ол стресс алуы мүмкін. Қолы бос кезде: Сүйікті ісімен айналысу. Таза ауада серуендеу; Үй шаруасына көмектесу; Өзіне жүктелген міндеттерді атқару; Кітап оқу; Достарымен араласу т.с.с Тамақтануы, ұйқысы бұзылса, оның себебін анықтау керек. Ол психикалық жарақат салдарынан болуы мүмкін.Жасөспірім шақта белгілі-бір мінез-қырлары айқын көрініс табады, соның салдарынан түрлі қиыншылықтар туындайды. Сондықтан бей-жәй қарамаңыз. Қанша уақытқа созылды? Соған мән беріңіз. Егер нақты бір жәйт әсер еткеннен кейін үйде қолдау көрсетілсе де оң өзгеріс болмаса, арнайы маманның (психолог, психотерапевт) кеңесіне жүгінген абзал. Стресс пен күйзеліске түскен балаға қалай көмектесеміз? Жақын тартып байыппен сөйлесу; Көңілкүйіне назар аудару; Мәнжайды анықтау; Баладағы өзгеріске сақтықпен қарау; Өз проблемасымен жалғыз қалдырмау; Проблемасына түсіністікпен қарап, сонымен бірге екенін білдіру; Көңілін аулау; Қызығушылығын ояту; Психологиялық қолдау көрсету; Стресске қарсы тәсілдерді – серуендеу, музыка тыңдау, дене жаттығуларын іске асыру. |
2023-12-04 09:21:03 |
Скачать Смотреть |
Жас мамандармен « Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!» атты өткізілген тренингтің ақпараты27.09.2023 күні жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «« Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!» атты тренинг өткізді. Тренинг қатысушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою және біріктіруге арналған «Шеңбер бойынша қол шапалақтау» жаттығуымен басталды. Жас мамандар әртүрлі жағдаяттан шығу жолдарын шешіп, өз ойларын жеткізді. Сенімділік және құрметтілік атмосферасына құрылған тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, жағымды сөздер айтып аяқтады. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие |
2023-12-04 08:48:25 |
Скачать Смотреть |
Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қаңтарда № 26513 болып тіркелді |
2023-12-04 08:46:39 |
Скачать Смотреть |
Қалалық «Адал болайық» слеті30.11.2023 күні Адал ұрпақ ұйымының мүшелері қалалық 30.11.2023 күні Адал ұрпақ ұйымының мүшелері қалалық «Адал болайық» слетіне белсене қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb не белсене қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb |
2023-12-01 11:10:59 |
Скачать Смотреть |
АқпаратҚараша айының 30-күні 9-11сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені қалыптастыру» атты тақырыпта үздік бейнебаян сайысы ұйымдастырылды. Аталған тақырыпқа оқушылар бейнебаян жасады. 9 «ә» сынып оқушыларының жасаған бейнебаяны «Ең үздік» деп танылды. |
2023-11-30 08:54:12 |
Скачать Смотреть |
Жаман әдеттерден аулақ бол!» тақырыбы бойынша өткізілген дәрістің ақпараты2023 жылдың 27 қарашасы күні қалалық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Е.М.Артыкбаев 9-11 сынып оқушыларына «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» республикалық онкүндігі аясында «Жаман әдеттерден аулақ бол!» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: оқушыларды ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру. Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb |
2023-11-28 11:07:04 |
Скачать Смотреть |
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі №6Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі №6 |
2023-11-27 13:30:51 |
Скачать Смотреть |
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі №5Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі №5 |
2023-11-27 13:30:06 |
Скачать Смотреть |
Edu.joo.kz платформасы арқылы сынақ тестБүгінде мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-ға қашықтан дайындалуына мүмкіндік беретін бірнеше онлайн платформа бар. Соның бірі JOO.kz платформасы арқылы 21.11.23 күні 11 сынып оқушылары сынақ тест тапсырды. |
2023-11-21 13:25:19 |
Скачать Смотреть |
«Жемқорлыққа қарсы күрес - бәрімізге ортақ жауапкершілік» тақырыбында байқау2023 жылдың 17 қараша күні мектебімізде құндылыққа бағытталған Адалдық айлығы аясында «Жемқорлыққа қарсы күрес - бәрімізге ортақ жауапкершілік» тақырыбында байқау өткізілді. Байқауға 6-7 сынып оқушылары қатысып, жемқорлық індет екенін, еліміздің ұлттық мүддесіне қауіп төндіретінін көрініс арқылы жеткізе білді. Мақсатымыз: Адамгершілік пен адалдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық ұстанымын, жас ұрпақтың саналы түрде сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру. Байқау қорытындысы бойынша І-орынмен 6 «Ә»,7 «Б» сынып оқушылары марапатталды. ІІ-орынмен 6 «А» 7 «Ә» сынып оқушылары марапатталды. ІІІ-орынмен 6 «Б», 7 «А» сынып оқушылары марапатталды. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb |
2023-11-20 08:45:37 |
Скачать Смотреть |
11-сынып оқушыларымен «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» атты өткізілген тренингтің ақпараты17.11.23 күні мектеп психолгі 11-сынып оқушыларымен «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» мақсатында тренинг өткізілді. Оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдерін жою, өз-өзіне сенімділігін арттыру және жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру. Оқушылармен «Сәлемдесу», «Мен өзіме сенімдімін»,«Жылдамдық» жаттығуларды орындалды. «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» жадынамасы таратылып , талқыланды. @uo_krg@#balgash_galasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие |
2023-11-17 15:29:22 |
Скачать Смотреть |