Размер шрифта:

Внутришкольный контроль

Категория: Внутришкольный контроль

Протокол №2 педагогического совета дата: 8.11.2024 г

«№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 2024-2025 оқу жылы №2 хаттамасы Күні:8.11.2024ж Қатысқандар:58 Қатыспағаны:0 Себепті:0 Себепсіз:0 1.Жолдасова Д.Т 2.Қанатов З.К 3.Жұмабекова А.О 4.Салгиева М.Т 5.Жакупбекова Ш.Д 6.Сагимбекова Д.Р 7.Жолдасова Ш.А 8.Козгуренова Г.С 9.Аханова Г.К 10.Абдыгаппарова Д.Ж 11.Рымкулова Б.А 12.Тажкеева М.Н 13.Тайкен А.Ф 14.Төлеген Ж.М 15.Төлеген Ж.М 16.Дулатова Т.Т 17.Кашымбекова Р.Т 18.Рахмет Г 19.Жакипбекова Б.Г 20.Сәкібай А 21.Харшинбай М 22.Ботаханова Д 23.Абдуалиева С 24.Сатмаганбетова С 25.Есенова М 26.Сейітханова Қ 27.Орынтаева Ж 28.Токбулатова Г 29.Аханова А 30.Блалова Н.Ж 31.Ермекова А 32.Джакупжанова Г 33.Конакбаева А 34.Алиханова А 35.Баянды Ж, .36.Аманқұл Г. 37.Ермек А, 38.Жеткін А, 39.Жартыбай Г. 40.ІзбасарА 41.Омаров Е, 42Ельшибеков С. 43Адрейсова Ш.А 44.Ахметжан А 45.Сауриков О 46.Адрейсова Ш. 47.Ахметжан А 48.Сагимбекова Д 49.Есенова М 50.Сейтханова Қ 51.Токбулатова Г 52.Бейсенбай С 53.Тулебаев Б 54.Абаканова А 55.Алтаева Г 56.Жұмабекова Н 57.Абеуова С 58.Кан А Күн тәртібінде: №1 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы Сапаға бағытталған білім: 1-педагогикалық кеңесте қабылданған қаулылардың орындалуын туралы. 2. 1 LS сабағын зерттеу бойынша фокус-топтар қызметінің тиімділігін бақылау. 3. 1-тоқсандағы оқу процесінің мониторингінің қорытындысы (үлгерімі, ТЖБ және ТЖБ, бағдарламадан өтуі, білім сапасы, тәрбие саласы, бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстары туралы; Білім сапасын арттыру бойынша педагогтердің жұмыс тәжірибесін жинақтау) 4.Сыныптық-жалпылама бақылау. 1сыныптар ,5сыныптар 5. «Нысаналы мектеп» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар. 6.Зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік жоспардың бағыты 7.Ғылыми конкурстарға қатысудың нәтижелілігі.ОҒҚ жұмысының жүйелілігі мен тиімділігі 8.Біртұтас тәрбие бағдарламасы және оны іске асыру жолдары Тыңдалды: 1-ші мәселе жөнінде мектептің координаторлары Абаканова мен Жолдасова Ш сөз алды. Lesson study – дің басты мақсаты: Оқушыларға білім алуға көмектесу;– L.S. зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобында осы бағдарламаны игерген мұғалімдермен қоса, сынып жетекші және психолог мамандар болды.– Зерттейтін сыныпты таңдауда, пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып, зерттеуге 5«А» сыныбын алдық. Себебі, ол сыныпта бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа көшкенде әртүрлі мұғалімдерге бейімделуінде қиындықтар болды. Зерттелетін пәндерді мұғалімдердің ұсынысы бойынша 1. Қазақ тілі, 2. Жаратылыс тану, 3. Математика пәндері деп ұйғардық.– Келесі қадам – осы сыныптағы проблеманы анықтау болды. Осы мақсатта осы сыныпқа сабақ беретін негізгі пән мұғалімдері сабақтағы проблемаларын Лессон Стади бұрышына жазып, бірнеше проблемалар анықталды. Одан кейін зерттеуші топтың отырысы болды. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды. Ортақ негізгі проблеманы: «Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру» – деп алдық.– Зерттелетін пәндердің пән мұғалімдерімен, сынып жетекші және психолог мамандар бірігіп, бақыланатын оқушылырды анықтады. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.– Сынып жетекші мен психолог мамандардың көмегімен 5 «А» сынып оқушыларының оқылым дағдыларының деңгейін анықтайтын сауалнама құрастырылып, алынды.Сауалнама қорытындысында:Кітап оқисың ба? деген сұраққа 16 оқушының 9-ы ешқашан деп, мәтінді қанша рет оқығанда түсінесің? дегенде 10 оқушы 3 реттен көп деп, үй тапсырмасын орындауда 10 оқушы үлкендердің көмегіне сүйенетінін байқадық. Демек, оқушылардың мәтінді оқу дағдысының қалыптасуына ықпал ету керек екенін түсіндік.– Оқушы үнін ескеру мақсатында олардан сұхбат алынды.– Проблеманы шешу үшін «Оқушылардың оқылым дағдысын қалай қалыптастыруға болады?», «Ол үшін қалай жұмыс жасаймыз?», « Қандай әдіс-тәсілді қолданамыз?» – деген сұрақтар айналасында талқылау жасалынды. Осы талқылаудағы ұсыныстарды және оқушы үнін ескере отырып, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тайкен А №1 зерттеу сабағының жоспарын жасап келді. – Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айсұлудың №1 зерттеу сабағының жоспарын талқыладық та, талқылау барысында тағы да ұсыныстар айтылды. Осы ұсыныстарды ескеріп, қайта жоспарладық. Біз бұнда оқылым дағдысын қалыптастыруды басты назарда ұстадық. – Осы соңғы жоспар бойынша сабақ өтілді, оқушыларға бақылау жүргізілді. – Зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды. – №1 зерттеу сабағыны талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып, сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын анықтадық та, сәтсіз тұстары бойынша қайта жоспарлап, зерттелетін 2-ші пән бойынша №2 зерттеу сабағының жоспарын бірлесе құрдық. Әрине, мұнда «оқушы үнін» ескеріп отырдық. Ал оқушыларды бақылауда мұғалімдердің бақылау дағдысы қалыптасқанша бір оқушыны бақылайтын екі бақылаушы болды. – Осы қадамдар бойынша №3 зерттеу сабағын да бірлесе жоспарлап, №2 зерттеу сабағының сәтсіз тұстарын ескеріп, қайта жоспарлап өткіздік. №1 зерттеу сабағы қазақ тілі сабағында: Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып планета» болды. Оқушыларға мәтін таратылды, тапсырма мәтінге тақырып қою және мәтіннің түсінігін өз сөзімен жазып, «Ыстық орындық» әдісі арқылы оқу болды. Нәтижеде, А оқушысы – өз деңгейінде жауап берді, ал В оқушысы – түсінгенін жазғанымен, мәтінге тақырып қоя алмады. С оқушысы – өз ойын, түсінігін жаза алмады. Сабақтан кейін, бақылаудағы оқушыларлардың сұхбаттарынын «Ыстық орындық» әдісінде қобалжып, өз ойларын білдіре алмағанын байқадық, келесі сабақта оқушыларды орнында отырып жауап беретіндей әдіс таңдау қажеттігін білдік. Сөйтіп, «Интервью» әдісін қолдануды жоспарладық. №2 зерттеу сабағына тоқталсақ, зерттеу сабағы жаратылыс тану пәні болды. Сабақтың тақырыбы: «Микроскоп» болды. Пән мұғаліміСауриков О .Ол кісі де осы ұсыныстарды ескеріп сабақ жоспарын жасап келді. Жоспарды зерттеу тобында тағы да талқылап, қайта жоспарлап, соңғы жоспар бойынша сабақты өткізілді. Оқушылар бақыланды. Жоспарлағанымыздай оқушылар орнында отырып жауап бергендіктен, оқушыларды қобалжу болмады. Бұл сабақта жаңа тақырып аз бөліктерден жұптарға бөлініп берілді. Жұптағы 1-ші оқушы мәтінді оқып, жұбына: «Сен қалай ойлайсың, мәтін не туралы айтып тұр?» немесе «Мәтінде нені әңгімелеп тұр? деген сияқты сұрақтар қойды. Ал 2-ші оқушы түсінгенін өз сөзімен айтты, ал 1-ші оқушы 2-шіге «Өте жақсы түсініпсің, жарайсың!», «Жақсы, бірақ, түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып үйрен!» деген сияқты кері байланыстар берді. Сабақта оқушылар бірін-бірі тыңдап, қызығушылықпен жұмыс жасады. Бұл сабақта оқушыларда ой еркіндігі пайда болып, ойларын дұрыс тұжырымдар айтуға тырысты. Мәтінмен жұмыс жасағанда «Интервью» әдісінің тиімділігін байқадық. А оқушысы – жұбымен ынтымақтаса жұмыс жасаса, В оқушысында белсенділік пайда болып, қолын көтеріп сабаққа қызыға қатыса бастағанын байқадық. Сол сияқты С оқушысының да сабаққа қызығушылығы оянып, сабаққа қатыса бастағаны сабағымыздың сәтті жағы болса, сәтсіз тұстарына кей жұптардың (деңгейлері әртүрлі) деңгейі жоғары оқушы көшбасшылықты өз қолына алып кеткені, мәтіннің мазмұнын айтуда С оқушысы ойын жеткізе алмағанын айтуға болады. Осы сәтсіз жақтарын келесі сабақта қарастыру қажеттігін білдік. №3 зерттеу сабағы математика пәні болды. Пән мұғалімі Конакбаева А Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшектерді көбейту». Бұл сабақта «Төңкерілген сабақ» әдісін қолдандық. Оқушылар 1-ші тапсырма орындады. Осы тапсырманың орындалуын мәтіннен оқыды. Тапсырманың 1-ші орындалуы мәтіннің мағынасын түсінуге үлкен көмегі болды. Нәтижесінде оқушылар ондық бөлшектерді көбейту ережесін өздері тұжырымдады. Сабақты бекіткенде, ондық бөлшектерді өмірде қолдануға арналған тапсырмалар беріліп, оқушылардың қызығушылығын арттырдық. А оқушысы – жұпта жұмыс жасап, өзіндегі ақпаратпен бөлісуді үйренді. В оқушысында белсенділік пайда болып, ойын қысылмай еркін айтуға үйренді. Ал С оқушысының сабаққа қызығушылығы оянды. Жалпы, осы үш сабақты қорытындыласақ, сабақтардан байқағанымыз оқушыға жай ғана мәтінді оқу тапсырмасын беріп қана қоймай, оқылым дағдысын қалыптастыратын әдістерді таңдай білу қажеттігін түсіндірілді. 2.1-тоқсандағы оқу процесінің мониторингінің қорытындысы (үлгерімі, ТЖБ және ТЖБ бойынша директордың оқу ісінің орынбасары Ш.Жакупбекова сөз алды.Мектеп бойынша 1тоқсанның басында бала саны-636 оқушы болды,тоқсан барысында 7оқушы келді..3-оқушы кетті.29 сынып комплект (бастауышта-13,негізгі-14,жоғарғы-2,даярлық сыныбы-41.1-тоқсан бойынша үздіктер-26,екпінділер-202,қанағаттанарлық-331,білім сапасы-41%,үлгерім-100%.Сонымен бірге сапасы төмен сыныптарға 1сабақтан үштік баға алған оқушыларға тоқталды.Директордың д оқу ісінің орынбасары Ш.Адрейсова сөз алды кіріс бақылау бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптарға оқушыларға тоқталды.Олқылықтар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Сыныптық-жалпылама бақылау. 1сыныптар ,5сыныптар Үстіміздегі жылдың 14 мен 31 қыркүйек аралығында МІБ жұмысының жоспарына сәйкес қазақ тілі,математика,оқу техникасы бойынша мемлекеттік стандарттың орындалуын тексеру мектепте білім сапасын маниторингілеу жұмыстарын жандандыру; мақсатында 5 сыныптарда математика пәнінен қима жұмысы өткізілді. 5сынып оқушыларының оқу дағдысын тексерілді.Әкімшілік тарапынан сабаққа кірді,ерекше білім алатын оқушыларға жасалған жағдайға ерекше тоқталды. 5. «Нысаналы мектеп» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар.30мұғалім базалық оқу курсынан өтті,сынақ тапсырды.Жоспар құрылды,сол жоспар бойынша жұмыс жасалуда. Қалалық «Жыл мұғалімі» сайысына Ермек Ажар 2-орын алды."Нысаналы мектеп" жобасы бойынша.Тоқсандық білімді бақылау бойынша тест өтті.9а-19оқушы,9ә-20оқушы,9б-17оқушы.Барлығы-56 оқушы тапсырды.Серіктес мектеп Абай мектебімен бірлесіп, «Ұлттық құндылықтарға бағытталған білім мен тәрбие беру-сапалы білім негізі» жоспар құрылды. 6.Зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік жоспардың бағыты бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.Оқыту мен оқудағы белсенді әдістерді меңгерген, сыни тұрғыдан ойлай алатын, нақты мақсат қоя білетін, бағалау критерийлерін тиімді қолданатын, жаңаша ұстанымы жоғары көшбасшы мұғалім дайындау. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту кәсіби- қоғамдастық арқылы озық тәжірибелерін тарату және дамыту. 7.2024 жылдың 1 қазанда 5-6 сыныптар арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиаданың мектепшілік кезеңі өтті. Олимпиадаға барлығы 15 оқушы қатысты. Арнайы құрылған комиссия оқушылардың жұмысын тексеріп шешім шығарды. I, II, III орын алған оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды. 2024 жылдың 3 қазанда 3-4 сыныптар арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиаданың мектепшілік кезеңі өтті. Олимпиадаға барлығы 41 оқушы қатысты. Арнайы құрылған комиссия оқушылардың жұмысын тексеріп шешім шығарды. I, II, III орын алған оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды. 2024 жылдың 8 қазан күні Балқаш қаласының «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ базасында қала мектептерінің 9-10 сыныптары арасында «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – өз елінің тарихына қызығушылық танытатын, шығармашылық қабілеттерін танытатын дарынды оқушыларды анықтау, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді дамыту, сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы туралы білімдерін дамыту, ұлттық өзін-өзі тану және өзінің шағын Отанына деген мақтаныш сезімін дамыту. Байқау екі кезеңнен тұрды, тест сұрақтарынан және эссе. Байқауға мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қорытынды нәтижесі бойынша: - 10 сынып оқушысы Өмірсерік Зейнеп І Дәрежелі Диплом Жетекшісі: Бейсембай С.С. - 9 сынып оқушысы Бөде Айгерім І Дәрежелі Диплом Жетекшісі: Токбулатова Г.Т. 2024 жылдың 16 қазанда Қарағанды қаласында өткен 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интелектуалдық конкурстың облыстық кезеңіне оқушымыз қатысып дәрежелі дщипломмен марапатталды. Шешімі: 1 LS сабағын зерттеу бойынша әріптестердің бірлескен жұмысын жүзеге асыруды жалғастыру, LS курсынан барлық педагогикалық ұжымды оқыту бойынша «Өрлеуге» өтінім беру директордың оқу ісінің орынбасары Ш.Адрейсоваға жүктелсін. 2. Білім сапасы, тәрбие саласы, бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру,бірлестікте қарау, бірлестік жетекшілеріне жүктелсін.Сапаны бақылау үшін Tester,Bilimal-test платформасымен тест алу директордың ақпараттық орынбасары З.Канатовқа жүктелсін. 3. Сыныптық-жалпылама бақылау. 1сыныптар ,5сыныптарда бейімделу қанағаттанарлық деңгейде өтіп жатыр.Психолог,әлеуметтік педагог,пән мұғалімдер жыл бойы оқушылармен,ата-аналармен жұмыс жасау. 4. «Нысаналы мектеп» жобасы бойынша атқарылған жұмыстарды жоспар бойынша жұмыс жасау,ашық сабақтар,пән апталықтарын қою директордың оқу ісінің орынбасары Ш.Адрейсоваға жүктелсін. 5.7.Ғылыми конкурстарға оқушыларды жиі,нақты дайындықпен қатыстыру керек. 8.Біртұтас тәрбие бағдарламасы және оны іске асыру жолдарын мектептегі іс-шаралар,сабақта,сынып сағаты,ата-аналар жиналысында жүзеге асырылсын. Төрайымы _____________ / Жолдасова Ш.А Хатшы _____________ / Қалибекова Қ.М.

2024-11-21 16:47:47

Скачать Смотреть

Педагогический совет Протокол №1

Педагогический совет Протокол №1

2024-11-21 16:41:41

Скачать Смотреть

Научно-методическая работа.

Научно-методическая работа.

2024-11-21 16:37:09

Скачать Смотреть

ОРГАНИЗАЦИЯ ВНУТРИШКОЛЬНОГО КОНТРОЛЯ 2024-2025 учебный год

ОРГАНИЗАЦИЯ ВНУТРИШКОЛЬНОГО КОНТРОЛЯ 2024-2025 учебный год

2024-11-15 15:20:33

Скачать Смотреть

План внутришкольного контроля на 2023-2024 учебный год Август-сентябрь

I. КОНТРОЛЬ ЗА ИСПОЛНЕНИЕМ НОРМАТИВНЫХ ДОКУМЕНТОВ И ВЕДЕНИЕМ ШКОЛЬНОЙ ДОКУМЕНТАЦИИ В СООТВЕТСТВИИ С ТРЕБОВАНИЯМИ

2023-12-06 11:56:50

Скачать Смотреть