Бейімделу кезеңіндегі соматикалық аурулардың себебі неде?
Біріншіден, бейімделу кезеңінде балада қоршаған орта ықпалына деген сезімталдық пайда болады. Екіншіден, «ауруға кету» кез-келген ағзаның баланың да, ересектің де, қорғаныш реакциясы болып табылады.Баланың қорғаныш күштерін барынша жұмылдыруды талап ететін жағдайда үнемі болуы , өзін-өзі реттеудің жаңа механизімін қалыптастыруға арналған мүмкіндік бермейді.
Баланың балабақшаға баруы үшін бірінші кезекте ата-аналары дайын болуы керек. Жан күйзелісі, туған баласын бөтен жандардың қолына берудің жазықтылық сезімі, ата-аналардың баланың балабақшаға баратын кезі келді немесе әлі күту керек пе деген үйдегі дау-дамайы, тек баланың ғана емес, сонымен қатар ата-ананың да көңіл жайлылығына нұқсан келтіреді.
Бала бейімділігінің сипаты көбіне, ата-ананың балабақша туралы не айтатындықтарына байланысты болады. Балада балабақшаға баруға деген жағымды қарым-қатынасты, сондай-ақ бала балабақшаға келген кезде кездесетін адекватты ұғымды қалыптастыру керек.
Бейімделу кезеңіндегі дұрыс ұйымдастырылған тамақтану , бұл күрделі үдерістің жақсы өтуінің маңызды шарты болып табылады.
Баланы балабақшадан алып кетерде, оның қандай ақылды екенін, оның балабақшаға барып жүргендігін ата-анасы қалай мақтан тұтатындықтарын міндетті түрде атап өту керек.