«Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, проблемалар, перспективалар» форумы
Форумға Балқаш қаласының мектепке дейінгі мекемелерірен 17 делегат барып қатысып қайтты. Форумның мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді басқару мен сапасындағы проблемаларды анықтау. Форум 2 кезеңде өтті: пленарлық отырыс және секциялық алаңдар жұмысы. Пленарлық отырыс Форум барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту жолдары, мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі, мектепке дейінгі білім беру саласындағы мамандарды даярлау, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы және басқа да мәселелер талқыланды. Форумда әріптестерімізбен өз жұмыстарымызды және көрмемізді бөлісіп көрсетіп тәжірибе алмасып қайттық. Форумды ұйымдастырған Қарағанды оқу әдістемелік орталығына алғысымызды білдіреміз!