Ата - анамен балабақша бірлестігі.
Қыркүйектің 19- 25 аралығында « Жұлдыз » балабақшасында ата аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты: бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту болды. Жиналыста балалардың мінез құлқы, бейімі, қызығушылығы жайлы мәліметтер берілді. Балабақшаның психологы ата-аналармен әртүрлі тренингтер және ойындар өткізді. Ал, тәрбиешілер болса, ата-аналрмен жұмыс барысында әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап әдіс-тәсілдерін қолданды. Жиналыс барысында отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық пен достық қарым-қатынас байқалды. Басқосудың соңында ата-аналар бір-бірлеріне деген ізгі тілектерін және балабақшаға деген алғыстарын білдірді.
Дата: 24.12.2020, 10:06 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»