«Мектеп күні -2017»

«Мектеп күні -2017»

2017 жылдың 27 ақпан күні №24 орта мектебінде дәстүрлі «Мектеп күні-2017» іс-шарасы өтті. Мектеп күні аясында «Білім   мазмұнын жаңарту» бойынша   бастауыш сынып мұғалімі Абрамова Т.А.,  1 «Б» сыныбында қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Дюсебеков С.Т. «Играем в грамматическую арифметику» тақырыбында  кіріктірілген сабақ өткізді.

Ағылшын мұғалімі Абеуова И.Д. «Springtime in Kazakhstan »  тақырыбында сабақ өткізіп ,  пәндерді оқытудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетті.

1 А сыныбында «Доппен қозғалмалы ойындар» тақырыбында жас маман   Естай Р.Е дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізді.

 Қоғамдық – гуманитарлық бағытта 5-10 сыныптар арасында  қазақ әдебиеті пәнінен 5"Ә" сыныбында  «С.Бегалин  «Бала Шоқан» тақырыбында 2 санатты мұғалім Оспанова Ж.Н , 5 Б сыныбында М.Жұмабаев  «Мен жастарға сенемін» тақырыбында жас маман Д.А.Нұртаза  ашық сабақтар өткізді.

Жаратылыстану – математикалық бағытта  8-10 сыныптарында   "Есептерді шешуде координаталарды қолдану" тақырыбында 8А сыныбында 1 санатты  мұғалім Н.К.Бертаева  , химия пәнінен «Темір және олардың маңызды қосылыстары: алынуы , физикалық  және химиялық қасиеттері»" тақырыбында П.Р.Ұлдахан ашық сабақтар  өткізілді. Осы ашық сабақтарда оқушының функционалдық сауаттылықтарын дамыту барысы көрсетілді.

Мектеп  директоры  Қ.Ж.Ахметова  «2016-2019 оқу жылына арналған Даму стратегиясы» бойынша 2016-2017 оқу жылында атқарылған іс-шараларға  сараптама жасады. 

Дата: 28.02.2017, 6:31 Автор: №24 мектеп-интернаты