«Мектеп күні -2017»
2017 жылдың 27 ақпан күні №24 орта мектебінде дәстүрлі «Мектеп күні-2017» іс-шарасы өтті. Мектеп күні аясында «Білім мазмұнын жаңарту» бойынша бастауыш сынып мұғалімі Абрамова Т.А., 1 «Б» сыныбында қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Дюсебеков С.Т. «Играем в грамматическую арифметику» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді.
Ағылшын мұғалімі Абеуова И.Д. «Springtime in Kazakhstan » тақырыбында сабақ өткізіп , пәндерді оқытудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетті.
1 А сыныбында «Доппен қозғалмалы ойындар» тақырыбында жас маман Естай Р.Е дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізді.
Қоғамдық – гуманитарлық бағытта 5-10 сыныптар арасында қазақ әдебиеті пәнінен 5"Ә" сыныбында «С.Бегалин «Бала Шоқан» тақырыбында 2 санатты мұғалім Оспанова Ж.Н , 5 Б сыныбында М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» тақырыбында жас маман Д.А.Нұртаза ашық сабақтар өткізді.
Жаратылыстану – математикалық бағытта 8-10 сыныптарында "Есептерді шешуде координаталарды қолдану" тақырыбында 8А сыныбында 1 санатты мұғалім Н.К.Бертаева , химия пәнінен «Темір және олардың маңызды қосылыстары: алынуы , физикалық және химиялық қасиеттері»" тақырыбында П.Р.Ұлдахан ашық сабақтар өткізілді. Осы ашық сабақтарда оқушының функционалдық сауаттылықтарын дамыту барысы көрсетілді.
Мектеп директоры Қ.Ж.Ахметова «2016-2019 оқу жылына арналған Даму стратегиясы» бойынша 2016-2017 оқу жылында атқарылған іс-шараларға сараптама жасады.
Дата: 28.02.2017, 6:31 Автор: №24 мектеп-интернаты