Ата-аналар жиналысы туралы ақпарат
Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы А.Аймағамбетовтың төрағалығымен онлайн режимде облыстық ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналысқа барлығы мектептен 80 ата-ана қатысты. Күн тәртібінде қарастырылған төмендегі мәселер ата-аналардың қызығушылығын оятты.
1. Қауіпсіз балалық шақ
2. Білім берудің жаңартылған білім мазмұны
3. Мектептегі қамқорлық кеңес
Қарастырылған бірінші мәселе бойынша, ата-аналар интернеттің қауіпі, балаларды қажет емес ақпараттан қалай қорғау керек, жол қауіпсіздігі және дәстүрлі емес діни ағымдар туралы ақпараттармен толық қанды танысты.
Күн тәртібіне қойылған келесі мәселе бойынша , жаңартылған білім мазмұны және жалпы орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер деген сұрақтар талқыланды. Ата-аналар тарапынан туындап жүрген ҰБТ, «Edumark» қосымшасымен жұмыс , электронды күнделік туралы ақпараттар жан-жақты түсіндірілді. Бұл мәселелерге қосымша 5-10 сыныптарға арналған «Айқын» тест , мектеп оқушыларына үй тапсырмаларын берудің дұрыс тәсілі мәселелері де сөз болды. Жалпы жиналыс барысында ата-аналар жан-жақты ақпараттармен қамтамасыз етілді.