Ата-аналар жиналысы туралы ақпарат

Ата-аналар жиналысы туралы ақпарат

Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы А.Аймағамбетовтың төрағалығымен онлайн режимде  облыстық ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналысқа барлығы мектептен  80  ата-ана қатысты.  Күн тәртібінде қарастырылған  төмендегі мәселер ата-аналардың қызығушылығын оятты.

1.     Қауіпсіз балалық шақ

2.     Білім берудің жаңартылған білім мазмұны

3.     Мектептегі қамқорлық кеңес

           Қарастырылған бірінші мәселе бойынша, ата-аналар интернеттің қауіпі,  балаларды қажет емес ақпараттан қалай қорғау керек,  жол қауіпсіздігі   және дәстүрлі емес діни ағымдар туралы ақпараттармен толық қанды танысты.

           Күн тәртібіне қойылған келесі мәселе  бойынша ,  жаңартылған білім мазмұны  және жалпы орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер деген сұрақтар талқыланды.  Ата-аналар тарапынан туындап жүрген  ҰБТ,  «Edumark» қосымшасымен жұмыс ,  электронды күнделік туралы ақпараттар  жан-жақты түсіндірілді.  Бұл мәселелерге қосымша  5-10 сыныптарға арналған «Айқын» тест , мектеп оқушыларына үй тапсырмаларын берудің дұрыс тәсілі  мәселелері де сөз болды. Жалпы жиналыс барысында ата-аналар жан-жақты  ақпараттармен қамтамасыз етілді. 

Дата: 22.01.2017, 14:59 Автор: №24 мектеп-интернаты