№24 орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 25 басты тәуелсіздік негізі болған Бірегейлік және бірлік күніне арналған іс-шаралар ақпараты
№24 орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 25 басты тәуелсіздік негізі болған Бірегейлік және бірлік күніне 9А,9Б сыныптар арасында «Қазақстан – болашағы біртұтас ұлт»тақырыбында ашық іс-шара өтті. Іс-шараға 31 оқушы ат салысты.
Мақсаты: 1. Қазақстан-2050» стратегиясын табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет екендігін оқушылардың санасына жеткізу, Елбасы саясатын насихаттау. Елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық ұндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелей отырып, жаңа буын өкілдерін қалыптастыру.
Сынып оқушыларын алдын ала топқа бөліп, мектебіміздегі білім алатын ұлт өкілдері орыс, украин, қазақ, кәріс ұлттары болып төртке бөліп ,сол ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін, биін , тарихына шолу жасауға үйге тапсырма берілді. Әр топ берілген тапсырмаға аса бір жауапкершілікпен қарап, ұлттардың салт-дәстүрінен, ән-билерінен көріністер көрсетіп, тарихы жайлы құнды ақпараттар берді. Іс-шара өте қызықты да , мазмұнды өтті.
Дата: 30.11.2016, 8:38 Автор: №24 мектеп-интернаты