Размер шрифта:

Информация о мероприятии, посвященном Дню труда

Информация о мероприятии, посвященном Дню труда

    №24 орта мектебінде  Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен бекітілген  «Еңбек күні» мерекесін атап өту бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар жоспары құрылды.24.09.2016 жылы  «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай»  тақырыбында жалпы мектепішілік жиналыс өтті. Жиналыста күн тәртібінде мектебіміздің директоры Қ.Ж.Ахметова сөз алып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен бекітілген  «Еңбек күні» мерекесінің аталып өтілуі және қажеттілігі жайлы айтты. Екінші мәселе бойынша БГТК мұғалімі И.М.Камзабеков сөз алып, ата-аналар қауымына дамыған мемлекет атануда білім алу керектігін басып айтып, БГТК білім ордасында өзі таңдаған мамандық иесі болуға шақырды.  Сонымен қатар, оқу орны жайлы ақпараттандырылған тарпа қағаздарды таратты.

              Үшінші кезекте мектебіміздегі «Самұрық» әкелер кеңесінің төрағасы Ермаханбет Машрупович Ибышев , «Кәусар» аналар клубының жетекшісі  Л.Б.Байжановаа2016-2017 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырып, ата-аналар қауымын бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.  

          24.09.2016 жылы «Өнеге толы ғұмыр...»тақырыбында білім саласының ардагері Н.И.Бахтинамен кездесу өтті. Кездесуге 8-10 сынып оқушылары қатысты.

      26.09.2016 жылы «Еңбек мерекесі-елдің мерекесі» тақырыбымен таңғы жиынымызда және сынып сағаттарында «Еңбек күніне» байланысты құнды ақпараттар берілді.

 

Дата: 26.09.2016, 9:15 Автор: Школа-интернат №24