Размер шрифта:

№24 орта мектебінің көктемдік демалыс кезіндегі оқушыларымен ұйымдастырылған іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебінің көктемдік демалыс кезіндегі оқушыларымен ұйымдастырылған іс-шаралар жайлы ақпарат

Мақсаты: Оқушылардың көктемгі демалыс күндерін қызықты , әрі тиімді етіп өткізу және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, танымдық, спорттық іс-шаралар ұйымдастыру.

19.03.16 жылы  орыс тілінде оқитын  2Б сынып оқушыларымен «Навруз, Ноуруз,Науруз- восточный новый год» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны 2Б сынып оқушылары өткізді. Мерекелік іс-шара барысында өзге ұлт балалары қазақ тілінде өлеңдер оқып, салт-дәстүрден көріністер көрсетіп, ата-аналар қауымының көмегімен мерекелік дастархан жайды.

19.03.2015 жылы «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында 8А сыныбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаттарына 20 оқушы қатысты. Сонымен қатар ата-аналар қауымы белсене ат салысып, іс-шара барысында ролдік  қойылымдарға қатысты.  Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. Қазақ елі - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады. Олар: орыстар, өзбектер, ұйғырлар, кәрістер, гректер т. б ұлт өкілдері қазақ халқымен тату – тәтті өмір кешуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы – ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты екені туралы да жан – жақты мағлұматтар берілді.

Әрі қарай тәрбие сағатының барысы қазақ халқының салт – дәстүрлерін ұғындыру, көрсету мақсатында аздаған көріністермен жалғасты. Бұл жерде «Наурыз мейрамы» туралы айтылып өтті. Сонымен қатар «Наурызнама», «Наурызкөк», «Наурызша», «Ұйқыашар» сияқты салт – дәстүрлер айтылып, көрсетілді. Соңында ортаға бір бала шығып «Сақина салу» ойынын ойнатты.

    24-30 наурыз күндері«Балалар кітабының апталығы» бойынша мектеп кітапханасында «Кітап – алтын қазына»  кітап көрмесі, «Менің сүйікті ертегім» шығарма сайысы, «Менің сүйікті кейіпкерім» суреттер байқауы, ойын-викториналар өткізілді. Мақсаты:Балалар кітабы апталығы жайлы ақпарат беру. Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, оқырман қатарын кеңейту, кітапқа деген көзқарасын қалыптастыру.

  

  25 наурыз  күні  «Оқуға міндетті 100 кітап» атты саяхат сабақ өткізілді.Мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын және оқырмандық сауаттылығын дамыту. Міндеттері: - Оқу сауаттылығын қалыптастыру

- Оқырмандық қызығушылығын ояту арқылы,  түйінді   құзіреттіліктерін дамыту.

-  Кітап оқу- келешек ұрпақтың рухани азығы екендігін жеткізу

 Барлығы 14 оқушы қатысты. Оқушыларға  кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндірілді. Ертегілер  еліне саяхат жасады, балаларға  жұмбақтар оқылды. Балалар өздері кітап туралы мақал-мәтелдер айтты, викториналық сұрақтарға жауап берді. Балалар  кітап туралы өз пікірлерін жеткізе білді.

 

№24 орта мектебінде оқушыға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау мақсатында «Мен өз күшіме сенемін!» тренинг – жаттығуы өтті. Тренинг – жаттығу барысында әр түрлі жағдайларда барынша толық өз мүмкіндігін іске асыруға дағдыландырып,  сонымен қатар біздің қолдауды қажет ететін оқушыларды табу үшін жаттығулар жүргізілді.

Қатысушылар үшін жайлы жағыдай туғызу үшін ең алдымен танысу жаттығуы жүргізілді. Шеңберге жиналып, жұлдызшалар таратылып берілді.  Өздеріне есім таңдап берілген жұлдызшаларға жазып қойды.Келесі жаттығу барасында қатысушыларға сағаттың суреті бейнеленген қағаздар таратылып берілді. Нұсқау берілген кезде сағаттағы уақыт аралықтарына өздері қалаған қатысушылардың есімдерін жазды. Есімдер жазылып болған соң, әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша адамдарды іздеді. Дыбыстық гимнастика жаттығуында берілген әріптерді хормен қаталайды. Айтылған әріптердің адам ағзасы үшін пайдасы туралы ақпараттар беріледі.Өзін-өзі сендіру, ойды бекіту мақсатында «Аффирмация» жаттығуы жүргізілді. Икемділік пен байқампаздық қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Бос орындық» жаттығуы жүргізілді. Жаттығу соңында сұрақтар арқылы кері байланыс жүргізілді. Келесі жаттығу тапсырмасы берілген мәтінді немесе өлең жолдарын кедергісіз, тез арада оқып шығу болды. Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге, кез келген іске өз – өзіне сенімді көңілмен кірісуге,  иығын тіктеп,  жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талпынуға дағдыландыру мақсатында «Өміршеңдік ережесі» жаттығуы жүргізілді. Тренинг-жаттығу соңында «Біз біргеміз және сенімдіміз!» рефлексия жүргізілді.

  31.03.2016 жылы сагат 10.00-де Оқушылар сарайында №24 орта мектебінің жетекшілігімен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған  «Ұлттық құндылықтар -  тәрбиенің түп қазығы»атты қалалық дебат турнирі өтті.  Турнирдің мақсаты: Шешендік өнер саласындағы дарынды оқушыларды айқындау, мектеп оқушыларын қоғамдық өмірге теориялық және практикалық  тұрғыдан дайындау.

   Дебаттық турнирге жалпы білім беретін орта мектептердің 7-8  сынып оқушыларынан құралған және мектеп ішінде өткен дебат сайысында жеңіске жеткен топтар қатысты.

 

    Дебатта американдық-парламенттік форматта  төмендегідей қарарлар  болды.

1. б.п ұлттық салт-дәстүрлер тәрбиенің бастамасы деп  есептейді.

2. б.п ұлттық құндылықтарымыз өскелең ұрпақтың бойында болса артық деп есептейді.

3. б.п патриоттықты ұлттық құндылықтар  арқылы анықтайды деп есептейді

4.б.п ұлттық мерекелер арқылы баланың тәрбиесі артады деп есептейді.

    Берілген қарарлар бойынша 9 мектеп бақтарын сынады. Дебаттық турнирге қалалық «Жұлдыз» дебаттық клубының жетекшісі Е.А.Аринов топ мүшелерімен қазылық етті. Ойын барысында қатысушы командалар мазмұнды ,құнды ақпарат бере отырып, көрермендер мен әділқазылар алқасының көңілінен шықты.

Оқушылар сарайында «Ертегілер елінде» тақырыбында  №24 орта мектебінің 2А,3А сынып оқушыларының ұйымдастыруымен қала мектептерінің оқушыларына арналған қойылым ұйымдастырылды.  Мақсаты:  Оқушылардың  көркем тілін дамытып, сөз байлығын арттыру,  функционалдық сауаттылығын дамыту,  күнделікті өмірде пайдалануға тәрбиелеу. Қойылым барысында мектеп оқушылары аса шеберлік танытып, берілген ролдерді ойнады. 4 кезеңнен тұратын қойылымда  адам бойындағы адалдық пен арамдық, ақылдылық пен парассаттылық,еңбекқорлық пен жалқаулық, мақтаншақтық пен қайырымдылық  қасиеттерін толық ашып, көрсете білді.  Әсіресе «Хан», «Ханшайым» ролін сомдаған оқушыларды ерекше атап өтуге болады. Оқушының қызығушылығын, оқу функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілген іс-шара өз деңгейінде өтті. Барлығы қатысқан бала саны 23.

     1-4 сынып оқушылары аранайы кесте бойынша қалалық Оқушылар сарайына «Кел,кел биле!» көңілді дискотекаға барып, көңілдерін көтеріп, серігіп кайтты.

  

   1-4 сынып арасында «Шебер қолдар» байқауы ұйымдастырылып, оқушылар қолөнер бұйымдарын моншақ, бисер өнімдерінен жасап сайысқа түсті.  Байқау барысында 1Б сынып ұлдары шеберлік танытып  көзге түсті.


 

    30 наурыз күні 2Б,1Б сынып оқушылары қалалық музейге саяхат жасады. Музей қызметкерлері оқушыларды Балқаш қаласының шығу тарихы , қаламыздың білім, ғылым және кәсіпорын саласындағы ардагерлердің өмірімен таныстырды.

 

  

 

 Мектебімізде құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында    24 – 31 наурыз аралығында кешкі 18.00-ден түнгі 21.00 аралығында мұғалімдер құрамынан құрылған « мобилдік топ» мектеп әкімшілігінің басшылығымен рейд жүргізді. Топ мүшелері өз жұмысын қанағаттанарлық дәрежеде атқарды. « Түнгі қаладағы балалар » акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты, қараусыздық пен панасыздықты болдырмау және алдын алу, білім алудан бас тартатын балаларды анықтау және оларды мектепке қайтару үшін жедел шаралар қабылдау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» рейді өткізілді.

Алдын алу рейді шеңберінде жайсыз отбасыларға бару, пайдаланудың әр түрлеріне тап болған, шылым, ішімдік өнімдері мен есірткі заттарын қабылдаудың зияндылығы жайыда ақпараттық түсіндіру, балалар мен жасөспірімдерге психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету жұмысын жүргізу жоспарланды. Аталған жоспарға сай рейдтік іс-шараға мектеп әкімшілігі, атап айтсақ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К. Мусина, әлеуметтік педагог А.М. Конкашева, «қауіпті топ» есебіндегі  оқушылардың сынып жетекшілері  қатысты.

                                                                                                                 

 Бұл рейд жұмыстары кешкі сағат сегіздерде Балқаш бекетінің айналасындағы үйлерден бастау алып, кейін кафелер  мен дүкендерде жалғасын тапты. Рейд барысында «Балқаш» бекетіндегі түгел көшелер, мектеп маңы, бекетте орналасқан түгел дүкендер араланды. Сонымен қатар «Алматы-Қарағанды» жолында  орналасқан «Арарат», «Рахат», «Өзбекская кухня», «Иваныч», «Азербайджан»,«Лезгинка», «777», «Чинар», « Орхан» кафелері араланып, тиісті ақпарат жинақталды.

Тексерілген аймақты сараптай келетін болсақ, рейд барысында ешқандай кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталған жоқ.Ешқандай тәртіп бұзушылық болған жоқ. Сонымен қатар оқудан ауытқып, бос уақытын дұрыс пайдалана алмай жүрген жасөспірімдер болған жоқ. Рейдтік іс-шараның өткізілуін мектеп әкімшілігінен құрылған топ назарынан тыс қалдырған жоқ Мектепшілік әкімшілік тарапынан болған іс-шара қорытындысы өз мәнінде өтті. Рейд  қорытындысынан   күткеніміздей  нәтиже алдық .Рейд жүргізілу барысында ересектерсіз  түнгі уақытта үйінен тыс жерлерде жүрген балалар, сағат кешкі 20.00-ден -ден түнгі 22.00-ге  дейін көшелерде оқушылардың кездеспегені туралы құлағдар етеді. 18.00-ден 19.00-ге дейін жүрген балаларға түнде ата-ананың қарауынсыз жүрмеу керектігі жөнінде ескерту жасалды. Рейд бойынша барлығы 24 пәтерді аралау жұмысы жүргізілді.

       Мектеп оқушылары арасындағы қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  «Қауіпті топқа » жататын оқушыларды анықтап, тізімін жасап, құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарының жоспары түзіліп, жауапты мұғалімдер бекітілді. Мектепте «қиын» балаларды есепке алып, олардың жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, сабақ   үлгерімі т.б жағдайларын бақылап ,дер кезінде педогогикалық –психологиялық көмек беру үшін мектепте психолог, тәлімгерлер мен директордың орынбасарлары  бекітіліп арнайы бағдарлама бойынша жұмыс жүргізіледі.      Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқушылар спорт үйірмелеріне  қатысады. Оқушыларды түрлі үйірмелерге тарту олардың бос уақытын тиімді пайдалану, сол арқылы қылмыстың алдын-алу таптырмас құрал болып табылады .

    30-31.03 күні  «қауіпті топтағы» оқушылар және    8-9 сынып оқушыларының қатысуымен спорттық сайыстар өтті. Мектеп жанындағы кортта футболдан кездесулер ұйымдастырылды. Барлығы 30 оқушы қатысты.

 Сайыстың мақсаты: Оқушылардың бос уақытын дұрыс тиімді пайдалануға жағдай жасау.

28.03 күні 1-4 сынып арасында «Мен, сен және біз!» ойыны өтті. Барлығы 20 оқушы қатысты. 

29.03 күні  кесте бойынша мектепішілік үйірме жұмыстары тексерілді.  Тексеріс барысында анықталғаны:

- «Мастерицы» үйірмесінде 20 оқушы;

- «Үкілі домбыра» үйірмесінде – 7 оқушы;

- «Тіл дамыту» үйірмесінде – 48 оқушы;

- спорттық секцияға -50 оқушы тартылған. Бұл жақсы көрсеткіш.

 

Дата: 2.04.2016, 3:45 Автор: №24 мектеп-интернаты