Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 жылдың наурыз айының 5 күні «Айбөбек» шағын дамыту орталығындакөктемнің ең шуақты мерекесі аналар мерекесіне арналған «Айналайын ақ анам» атты ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілік ата-аналар мен балабақша ұжымының қатысуымен өтті. «Ана жүрегі», «Көбелектер биі», «Гүлдер биі»билері үлкен шеберліктерін көрсетті.Ұлдармен «Қыздарға гүл сыйлайық», ата-аналармен «Өз балаңды таны» ойындары өте қызықты ойналды. Тәрбиешілер мен балалар «Жер Ана» көрінісін қойды. Аналарына деген ыстық сезімдерін білдіріп, мейірімге, жылы сөзге толы өлең жолдарын арнады. Мерекелік кеш соңында әр бала өзінің анасына деп арнап, өз қолымен жасаған сыйлықтарын ұсынып ана қуанышына бөленді.
Дата: 10.03.2016, 2:14 Автор: Школа-интернат №24