«Дос және достық» тақырыбында ашық тәрбие сағаты
Қазан айының 27-сі күні 1 «Ә» сыныбында «Дос және достық» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты сайыс сабақ ретінде өткізілді. Сынып екі топқа бөлінді: I-ші топ «Достық», II-ші топ «Сыйластық». Сабақ бірнеше кезеңдерден тұрды. 1-сайыс «Халық айтса, қалт айтпайды»: әр топ өздерінің достық туралы мақал-мәтелдерін айтып жарысты. 2-сайыс «Досым қайда?»: оқушыларға А3 форматтағы қағазбен мультфильм кейіпкерлері берілді, оқушылар әр мультик кейіпкерінің досын тауып қасына жапсырды. 3-сайыс «Жағдаят» адал дос пен жалған досқа байланысты жағдаяттар оқылып, сұрақтарға жауап алынды. 4-сайыс «Менің ойымша...» тренинг: I-ші топқа достық күнінің, II-ші топқа достық гүлінің бейнесін жасау тапсырмасы берілді. Әр топтан бір оқушы шығып жасап шыққан бейнелерін қорғап шықты. Сабақ соңында қорытынды ретінде «Достастық, ренжістік» ойыны ойнатылды. Әділ-қазылар өз шешімдерін шығарып, «Достық» тобын I-ші орынмен марапаттады. Ашық тәрбие сағаты барысында оқушылар сұрақтарға жақсы жауап беріп, өз ойларын ашық айта білді. «Достық» ұғымын түсіне білді.
Дата: 28.10.2015, 5:50 Автор: №24 мектеп-интернаты