Оқу бағдарламасын Кембридж әдістерін енгізу
Қазіргі таңда білім беру жүйесі үлкен өзгерістергеаяқ басты. Осыған орай мектеп оқушысы ғана емес, сонымен қатар, ұстаздар да жаңа заман талаптарына лайықты, жаңашыл болуы қажет. Жалпы білім беретін №24 орта мектебінің деңгейлік курстан өткен мұғалімдер оқу процесіне жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді енгізу барысында. Оқу процесін шыңдау мақсатында мектеп мұғалімдері «Пульс» желілік қауымдастығын құрды. Мектепте түрлі коучингтер, сыныптарда LS зерттеушілік сабақтары жүріп жатыр.
№24 орта мектепте 13 қазан күні білім ұстаздардың біліктілігін арттыруы бойынша тәжірибе алмасу аясында конференция өткізілді. Бұл шара 5 блоктан тұрды. Конференцияға Шет ауданы, Ақтоғай ауданы және Қоңырат кентінің №25 орта мектебінің ұстаздары мен директорлары және де Астана қаласынан Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Төлеген Какимович Ногербаев қатысты.
Ұстаздарға өткізілген конференция өте ұнады. Барлықтары тек жақсы тілектерін айтып, жаңа идеялар мен мол тәжірибе алғандарын ескеріп өтті.
Дата: 16.10.2015, 1:41 Автор: №24 мектеп-интернаты