2015-2016 оқу жылында оқушылардың жаңартылған оқулықтармен қамтылуы туралы ақпарат
05.06.2015 ж «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі» КММ де ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 4,5,6, 11 сынып ата- аналары қатысты. Жиналыста 2015-2016 оқу жылындағы оқулықтар жайы қарастырылды. Бірінші болып мектеп директоры Ахметова Қарлығаш Жексенқызы оқулық мәселесi бүгiнгі күнде өзекті мәселеге айналып тұр,сондықтан мектебіміздегі оқушы санының өсуіне байланысты негізгі пәндерді ата-аналар бірігіп, мектепке қамқоршылық жасап, сатып алса деген пікірін білдірді. Кітапханашы ата-аналарды ҚР Білім және Ғылым Министірінің 2014 жылғы 10 желтоқсанындағы №515 бұйрығы бойынша 4,5,6,11 сынып оқулықтары жаңартылатынын атап айтты. Ата- аналар мұндай жағдайда өздері шешім қабылдайтындықтарын білдірді.
Дата: 11.06.2015, 6:21 Автор: №24 мектеп-интернаты