«БАСТАУЫШЫМ –БАЛБҰЛАҒЫМ!»
22.05.2015жылы Балқаш қаласы №24 орта мектепте «БАСТАУЫШЫМ –БАЛБҰЛАҒЫМ!» атты 4 «а» сыныбында қоштасу кеші өтті.
Кештің мақсаты:Бастауыш сыныптарда алған білімнің адам өмірінің мән-мағынасы үшін аса қажеттілігіне көз жеткізу, алған білімдері мен жетістіктерін іс жүзінде көрсете білу. Білім негізі, іргетасы – бастауыштан қаланатынына ерекше мән бере отырып,білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, олардың еңбектерінбағалай білуге, ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға тәрбиелеу. Кеште әдеби монтаж, көрініс,ойын, ата-аналармен ойын түрлері және концерттік бағдарлама берілді.Оқушылар өнерлерін көрсетіп, ұстаздар,ата-аналар, қонақтарға көңілді күй сыйлады.Ал ата-аналар тарапынан,мектепке, ұстаздарға арналған ілтипат көрсетіліп, ризашылықтарын білдірді.
Дата: 23.05.2015, 4:32 Автор: №24 мектеп-интернаты