Қош бол, балабақша!
2015 жылдың мамыр айының 21 күні «Айбөбек» шағын дамыту орталығында «Балдырған» ересектер тобының «Қош бол, балабақша» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өткізілді. Ертеңгілік ата-аналар мен балабақша ұжымының қатысуымен өтті. Балалар балабақшада үйренген билерін қосып флешмоб биледі. Ертеңгілікте балалар балабақшадан алған білімдерін, көрініс арқылы өздерінің әртістік өнерін көрсетті. Балалар туралы бейнефильм, слайдшоу көрсетілді.Мерекелік кеш соңында тәрбие ісінің меңгерушісі Мусина А.Қ., құттықтау сөз сөйледі. Балаларға сыйлықтар берілді.
Дата: 22.05.2015, 8:34 Автор: №24 мектеп-интернаты