Нашақорлықты және қылмысты болдырмау мақсатында «Есірткісіз көше» атты акция аясында өткен іс-шаралары жайлы ақпарат
Мақсаты: . Оқушыларға темекі мен нашақорлықтың зияны туралы түсіндіру. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, өз беттерімен ізденіс дағдыларын дамыту. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
21.04 күні 8-11 сынып арасында «Скажи-НЕТ!» , «Не переступи черту» тақырыбында әңгімелесу сабақтары өтті. Оқушыларға нашақорлықтың зияны жайлы ақпараттар берілді.
22.04 күні 1-4 сынып арасында сынып жетекшілер мен денешынықтыру пәнінің ұйымдастыруымен «Дені саудың –жаны сау » , «Көңілді старт» спорттық іс-шара өтті. Спорттық іс-шараға 100 оқушы қатысып, көңілді эстафеталық ойындар жүргізілді.
23.04 күні «Нашасыз болашақ» тақырыбында 1-11 сынып арасында сурет көрмесі сурет пәнінің мұғалімі Нуркеева Г.Ж жетекшілігімен ұйымдастырылды. Айтылған іс-шараға «Живипись» үйірмесінің 12 оқушысы, 1-11 сынып аралығынан 11 оқушы қатысты.
24.04 күні 5-11 сынып аралығында «Темекі туралы аңыз» тақырыбында бейнетаспа көрсетілді. Көрсетілім барысында сайыстар, би жарысы ұйымдастырылды.
Жастар өздерінің ойларымен нашаның зияндығы жөнінде, темекі, алкогольдің кеселді жақтарын айтып өзара бөлісті. Алдарына қойылған бірнеше ситуациялық сұрақтар бойынша, сол жағдайдан шығу жолдарын өздерінше қарастырды. Белсенділік танытып, шараға қатысқан оқушыларға сыйлықтарға ие болды. Іс-шара барысында салауатты өмір салтын насихаттайтын газеттер, кітапшалар, нашақорлыққа қарсы парақшалар таратылды. Басты мақсат – жастар арасындағы нашақорлық мәселелерін болдырмау, салауатты өмір салтын ұстану, бос уақытты тиімді пайдалану.
Дата: 24.04.2015, 6:09 Автор: №24 мектеп-интернаты