«Туған қалама – 77 жыл»
Сәуір айының 11 жұлдызында Балқаш бекетінде қала күні аталып өтілді. Қала күніне байланысты әр түрлі іс-шаралар жүргізілді. Қаламыздың мерейтойына арналған мереке «Туған қалама – 77 жыл» атты салтанатты жиыннан басталды. Мерекелік іс – шаралар әрі қарай «Сүйікті қалам» атты 1 – 11 сынып оқушыларының және мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өткен флешмобпен жалғасын тапты. Сонымен қатар мектептің алдында бастауыш сынып оқушылары арасында «Балқашым – бағым» тақырыбында асфальтқа сурет салудан конкурс өтті. Оқушылар өздерінің туған қаласына деген ыстық махаббаттарын әр түрлі тақырыпта салынған түрлі – түсті суреттері арқылы көрсете білді. «Жеңісім қалама арналады» атты 7 – 9 сынып аралығында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері ұйымдастырған «Футболдан» жарыс өтті. Жеңген командалар мақтау қағаздарымен марапатталып, мерекелік іс – шаралар өз мәресіне жетті.