№24 орта мектебінде «Дүниежүзілік денсаулық күні» аясында ұйымдастырылған іс-шаралар жайлы ақпарат
Сәуір айының 6 жұлдызында таңғы жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. 7 «А» сыныбынан құралған «Самұрық» үгіт-насихат тобы денсаулық күні мен ғарышкерлер күніне өз өлеңдерін арнады. Мектеп оқушыларын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
06.04 күні «Дені саудың - жаны сау», «Денсаулық- басты байлық» тақырыбында 1-11 сынып арасында тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаттарында мектеп медбикесі Бажбенова А.К «Туберкулез ауруы жайлы не білеміз?» , «Дені сау ұрпақ болашағымыз» тақырыбында әңгімелесу сағаттарын өткізді.1-4 сынып оқушыларымен «Көңілді сөре» атты спорттық сайыс өтті.
07.04.15ж күні 5 команда алғашқыда осылай өз өнерлерін ортаға салды. Артынан спортшылардың тағатсыздана күткен қызықты сайыстар басталды. Онда эстафеталық ойындарға көбірек көңіл бөлінген. Сол үшін жарысқа қатысушылар барынша жылдам болуға тырысты. Алайда мұндайда жүзден жүйріктер топ жарады. Мұнда 3 топ қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар, «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында стенд газеттер шығарылды. Үздік стенд газеттер анықталып, 6Б , 3Б сынып оқушылары дипломмен марапатталды.