Ауған соғысының ардагері Аязбаев Мурат Жолдаспаевичпен кездесу туралы ақпарат
2015 жылдың 17 ақпанында Балқаш бекетінің №24 орта мектебінде солдаттар мен офицерлердің ерліктері туралы тарихи естеліктерді сақтау, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен туған елге деген сүйіспеншіліктітәрбиелеу мақсатында, Ауғаннан совет әскерінің шығарылуына 26 жыл толуына байланысты ауған ардагерімен 8-9 сынып оқушылары арасында «Уходили парни из Афгана...» атты кездесу өткізілді.
Кездесуге афган ардагері Аязбаев Мурат Жолдасбаевич шақырылды. Мурат Жолдасбаевич әскерлерді Ауған территориясына кіргізілуі, әскери қызмет пен әскери әрекеттері бойынша жеке тәжірибиелері, әскери парыз, патриоттық пен ерлік туралы әңгімелеп берді, сонымен қатар оқушыларға Ауған соғысы туралы авторлық әндерді орындап берді. Балалар бұл бұрынғы оқиғаларға қызығушылықтарын танытып, экипировка және қаруландырулары жайлы сұрақтар қойып отырды. Олар нағыз батыр мен еліктеуге нағыз тұлғаны көрді. Балалар Мурат Жолдасбаевичті демдерін тыйып тыңдады, айтқан өлендеріндегі сөздер жүрекке дейін өтті. Жайлап кездесудің арты достық әңгімелесуге ұлғайды, оқушылар ардагерге қызметі алғашқы әсекри тәжірибиесі, әскерден кейінге өмірі туралы көп сұрақтар қойды.
Оқушылар да өз тарапынан Мурат Жолдасбаевичқа арнап дайындаған Ауған тақырыбындағы музыкалық номерлер мен тақпақтарын көрсетті, құттықтауларын айтты.
Осындай кездесулер дәстүрге айналғаны жақсы болар еді. Себебі өз өмірін қоғамға пайда ете алған қайратты адамдармен кездесе отырып, өзіміз де батырлана, белсенділене түсеміз, жарқын болашағымыз үшін күресеміз.
Дата: 19.02.2015, 6:05 Автор: №24 мектеп-интернаты