№24 орта мектебі бойынша Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 20 жыл толуына орай өткен іс-шаралар ақпараты
Ақпан айының 02 жұлдызында таңғы жиында Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл толуына орай «Ынтымақ – татулықтың белгісі»тақырыбында 9 «А» сынып оқушыларының үгіт-насихат тобы мектеп оқушыларына мағлұмат берді.
02.02 күні 4А сыныбында « Қазақстан халқы Ассамблеясы – даналық , мейірімділік пен сыйластықтың кепілі» тақырыбында сынып сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Халықтар арасындағы татулық, бірлік, ынтымақтастықты нығайту. Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің басқа ойға , көзқарасқа, наным-сенімге , іс –әрекетке , әдеп-ғұрыпқа , сезім –күйге , идеяларға төзімділік , жұмсақтық көрсете білу қасиетін қалыптастыру. Сынып тақырыпқа сай безендірілді. Барлық оқушылар іс-шараға ат салысты. Оқушылар әр ұлттың киімін киіп, ұлттық би, патриоттық тақырыптағы әндер орындап, әдеби-монтаж қойылды. Сынып сабақ өте қызықты ұйымдастырылды.
«Ортақ шаңырақ аясында» 1-4 орыс сыныптарының арасында отбасылық фестиваль ұйымдастырылды.Фестивальдің мақсаты отбасылық құндылықтарын жаңғырту, отансүйгіштік сезімдерін арттыру, олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызын насихаттау және этномәдени бағыттағы жұмысын белсендіру болатын.Фестивальге көпэтносты отбасылар қатысты: Олардың ішінде қазақтан өзге түрік, шешен, орыс, украин, отбасылары болды.
Ұйымдастырушылар күткендей сайыс өте тартысты болды. Әр отбасы «Біздің әулет», «Отбасылық мереке»,«Өнерлінің өрісі кең», «Ас адамның арқауы»атты кезеңдерде бар өнерлерін көрсетіп бақты. Бірінде кемшін түссе, келесі кезеңдерде басымдық танытты. Бірі мемлекеттік тілде еркін сөйлеп отаншылдығымен құрметке бөленсе, енді біреуі ұлттық дәстүрге деген ұқыптылығымен және ұлттық өнерімен көрермендердің көзайымына айналды.
Бұл бәрімізге қуаныш және мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мектебімізде отбасылар өздерінің өнерлерін көрсетіп, ең бастысы, Отанға деген құрметтерін, отбасылық құндылықтарға, дәстүрге беріктігін барынша танытты. Сол себепті көрермендердің ықыласына теңдей бөленді және әділқазылардың да көңілдерінен шықты. Осыған байланысты барлығыңызды тең дәрежеде марапаттауды ұйғардық. Яғни - достық жеңді деген шешім шығарылды. Мерекелік сайысқа қатысқан отбасына мектеп директоры алғысын білдірді.