Размер шрифта:

№24 орта мектебінің 1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебінің 1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жүргізілген  іс-шаралар жайлы ақпарат

Мақсаты:  Қазақ халқының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.  Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып , Отанын,халқын сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеу.  Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу. 

15 .11 күніне бастап «Елбасымыз жасай берсін!» тақырыбында оқушылар, ұстаздар шығармашылығы мен елбасының өмірі және 23 жылдағы ерен еңбектеріне арналған ақпараттық стенд жасалды. Ақпараттық стендте оқушылар елбасына арналған жыр шумақтарымен қоса «Президентке тілегім» айдарындағы эсселеріде жарық көрді.

15-25.11 күндері «Бас бақытым-тәуелсіздік ала алғаным» тақырыбында  мектеп кітапханасында кітап көрмелері 1-11 сынып аралығында ұйымдастырылып, кесте бойынша мектеп оқушылары елбасымыздың өмірімен ғана емес , еліміздің дамуына, тәуелсіз болып нығайуына арналған кітаптары жайлы құнды ақпараттар алды.

      

       «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында 1-11 сынып арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Сурет көрмесіне  «Живипись» үйірмесінің қатысушылары Тюлбаев Ермек 3А сынып, Спабеков Рақымжан 4А оқушысы, Такарчук Екатерина 8Б . Насурладина Сабина 7А сынып оқушылары жекелей  елбасына, туған жерге, елорда астанасы Астана қаласына арналған сурет көрмелерін ұйымдастырды. Шығармашылығымен көзге түскен  оқушылар дипломмен марапатталды.

       «Болашаққа көзқарас» тақырыбында қалалық слайдпрезентация сайысына 7А,7Б сынып оқушылары қатысты.

        25.11 күні 8-11 сынып оқушыларының арасында  «Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы ролі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға 8-11 сынып оқушылары барлығы ат салысып, ойларын ортаға салды. Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы ел бірлігін сақтауда, ел экономикасын дамытуда  атқарған ерен еңбегі жайлы айтылды.

   

19.11 күні     8Б сынып оқушылары ,  25.11 күні 9Б сынып оқушылары «Н.Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы.»    тақырыбында   қалалық мұрағат  қызметкерінің ұйымдастыруымен өткен   патриоттық сабаққа қатысты. Оқушылар Елбасы жайлы ақпараттар алды.   20.11-29.11  күндер аралығында «Біздің Елбасымыз» тақырыбында 1-8 сынып аралығында елбасымыз жайлы бейнефильм көрсетілімдері көрсетілді. Оқушылар әр үзілістерін мектеп файесінде орналастырылған диапроектордан бейнефильмдерді аса қызығушылықпен тамашалады.

  

23.11 күні тарих пәнінің мұғалімдері Шолакова Л.Б,  Дүйсенбекова Р.С жетекшілігімен Елбасымыздың туындысы «Қазақстан жолы» кітабын талқылау коучингі  жүргізілді. Оқушылар елбасы кітабындағы 9 бөлімнен тұратын тәуілсіздікке келу баспалдақтары жазылған туындысы жайлы ойларын ортаға салды.  

 «Желбірей бер, тәуелсіздік байрағы» тақырыбында  5-11 сынып арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа  5-11 сынып арасынана 47 оқушы ат салысып, 1 жүлделі орынды орыс тілінде оқытылатын сыныптар арасынан Востроколенкова Ольга  8Б сынып оқушысы, 2 орынды Гюл Зарина 6Б сынып  оқушылары  иеленсе, қазақ тілінде оқытылатын сыныптар арасында 1 орынды Кабдыр Перизат 9А сынып оқушысы , 2орынды 6А сынып оқушысы Байманкулова Назым  иеленді.

5-10 сынып арасында «Саламатты Қазақстан» тақырыбында спорттық сайыстар өтті.

   

«Менің елім , Менің Президентім » тақырыбында  слайд презентация байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар елбасы өмірі  , отбасы , әндері, кітаптары жайлы слайд презентациялар жасап, 28.11 күні қорғау жұмысы өтті. Бұл байқауда мәтінің  мазмұнына, компьютерлік көркемделуіне көп көңіл бөлінді.

28 – желтоқсан күні №24 орта мектебінің  интернат тәрбиеленушілерімен   «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған  тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан, Елбасының кісілік келбетін меңгерту,  Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты 5 бөлімнен тұрды. 1. «Өмір өрнегі» бөлімінде оқушылар Елбасы туралы қысқаша мағлұмат берді.Білімдерін бекіту   мақсатында артынан  деректі фильм көрсетілді.2. «Әдебиет айдыны» бөлімінде оқушылар арасында бірнеше күн бұрын шығарма жазудан және өлең шығарудан сайыс жарияланған болатын, нәтижесінде үздік шығарма мен үздік өлең анықталып,сол жерде жазған оқушы өзі оқып берді. 3.«Елбасының өмір баспалдақтары» бөлімінде бірлесіп дайындаған фотоколлаждарын қорғады. 4. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бұл кезеңде жолдау туралы ақпарат беріліп өтті. 5. «Білгенге маржан» қорытынды бөлімінде тәрбие сағаты барысында айтылған ақпараттар мен мағлұматтарды еске сақтау мақсатында сұрақтар қойылды.

Оқушылар тәрбие сағатынан алған білімдерін қорытындылау мақсатында қағаз бетіне  ұсыныс, пікірлерін түсірді.

   29 қараша күні   1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті күніне арналған Ұланбасының ант қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынымыздың мақсаты: Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат беріп өтті. «Самұрық» үгіт-насихат тобы Тұңғыш Президентке арналған өлеңдерін арнады. Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Ұланбасының ант қабылдау салтанатты рәсімі өткізілді. Мектебіміздің Ұланбасы Оразғали Аяулым өз антын мектеп оқушыларының алдында қабылдады. Жас ұлан ұйымының ұраны мен гимні орындалып, құттықтау сөз мектеп директорына берілді. Салтанатты жиын патриоттық әнмен жабылды.

28.11.2014 жылы  1-желтоқсан  Тұңғыш Президент  күніне арналған бастауыш сыныптар арасында  «Тарихы сырлы , ертеңі нұрлы ғажап ел!» тақырыбында әдеби салон    өтті.

Әдеби салонның  мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсесін көтеріп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасымен таныстыру. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Зал тақырыпқа сай безендірілді. Ашық тәрбие сағаты екі тілде өтті. Тәрбие сағатының негізгі бір бөлімі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірінен келтірілген қойылымдар болған. Көрсетілген қойылымдар:

                                                         1.«Елбасымыздың дүниеге келуі»

                                                         2. «Елбасының балалық шағы.»

Халықтар достастығын бейнелейтін би, күй, ән, өлеңдер және жылдар топтамасы айтылды. Тәрбие сағаты өз мәнінде өтті. 

  

«Терезесі тең,керегесі кең-өркениетті Қазақстан»  тақырыбында 1-11 сынып арасында сынып сағаттары өтті. Ашық сынып сағаттары 8Б,2А  сыныптарыңда  жүргізілді. Сынып жетекшілер сынып сағаттарында Елбасымыз жайлы құнды ақпараттар берумен қатар , елбасымыздың  балалық шағы жайында қойылымдар көрсетті.

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған қалалық «Менің Президентім» атты жас ақындар сайысында мектебіміздің 11 А сынып оқушысы Қуанышбекова Алтынай 3 жүлделі орынды иеленсе, қалалық «Ақ ладья» шахмат турнирінде мектебіміздің командасы 9 орынды иеленді. Сонымен қатар, қалалық ұйымдастырылған тоғызқұмалақ, спорттық іс-шараларға  мектеп оқушылары белсене ат салысты.

Дата: 2.12.2014, 16:51 Автор: №24 мектеп-интернаты