№24 орта мектебінде Төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу мақсатында өткізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебінде  Төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу мақсатында өткізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебінде 27.11.2014 жылы  5-6, 7-9 сыныптар  арасында су қорғау станциясының  қызметкерлері медбике Б.Абжанова және «Орион» т/х капитаны П.Н.Лукьянчук және  Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс бөлімінің бас маманы  Р.С.Жанаберген, Төтенше жағдайлардың алдын алу тобының бас маманы А.С.Кукеевамен «Қыс мезгілінде төтенше жағдайдағы тәртіп ережелері» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге 70 оқушы  қатысты. Медбике Б.Абжанова   Төтенше жағдайлардың алдын алу  және олардан қорғану шаралары бойынша ақпараттар берілді. Төтенше жағдайлар басқармасынан келген мамандар тақырып бойынша слайд фильм көрсетіп, оқушыларға таратпа қағаздар таратты. Қыс кезеңінде сақтандыру-профилактикалық жұмыс жүргізуге және ТЖ алдын алу мақсатында халықты жаппай қамтуға құтқарушылар барлық бұқаралық ақпарат құралдарының  мүмкіндіктерін пайдаланатындығы жайында  хабардар етеді.Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды. Кездесуден  алынған білімдер қиыншылықтармен күресуде маңызды жәрдем болатынына, өз күшіне өзі сенушілігін арттырып, көмектесетініне үміттенеміз.

Дата: 28.11.2014, 8:00 Автор: №24 мектеп-интернаты