«Айбөбек» шағын дамыту орталығында қазан айының 31 жұлдызында «Алтын күз» атты ертеңгілік өтті.
![«Айбөбек» шағын дамыту орталығында қазан айының 31 жұлдызында «Алтын күз» атты ертеңгілік өтті.](/media/img/journal/545dbdaa19462.jpg)
«Айбөбек» шағын дамыту орталығында қазан айының 31 жұлдызында «Алтын күз» атты ертеңгілік өтті. Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру, жапырақтардың түр-түсін анықтау, жапырақтың көлеміне байланысты жерге түсу барысы, күз көрінісінің әдемі бейнесіне, суретіне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ата-аналармен, тәрбиешілермен бірігіп ертеңгілік өткіздік. Жүргізуші-Рахимова Элмира, күз ханшайымы-Сымбат Серікқызы, жоғарғы топ тәрбиешілері-Бибігүл Қуатқызы, Маржан Қадырқызы, ортаңғы топ тәрбиешісі-Рахымжанова Арай, кіші топ тәрбиешілері- Ыдырысова Сәуле, Абдраш Нұрдана қатысты. Әр топ балалары күз туралы тақпақтар, өлеңдер айтты, би биледі. Әр топтан балалар шығып күзгі сән үлгісімен көріністер көрсетті. Ата-аналар дайындап әкелген күзгі әр түрлі салаттар, жемістерден жасалған көрме көз тартады. Балалардың өнеріне ата-аналар ризашылықтарын білдірді. Белсене қатысқан балаларға мақтау қағазы, алғыс хат табыс етілді. Балаларға күзгі жемістер сыйға берілді.
Дата: 8.11.2014, 6:50 Автор: №24 мектеп-интернаты