«Айбөбек» шағын дамыту орталығында қазан айының 31 жұлдызында «Алтын күз» атты ертеңгілік өтті.

«Айбөбек» шағын дамыту орталығында қазан айының 31 жұлдызында «Алтын күз» атты ертеңгілік өтті.

            «Айбөбек» шағын дамыту орталығында қазан айының 31 жұлдызында «Алтын күз» атты ертеңгілік өтті. Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру, жапырақтардың түр-түсін анықтау, жапырақтың көлеміне байланысты жерге түсу барысы, күз көрінісінің әдемі бейнесіне, суретіне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ата-аналармен, тәрбиешілермен бірігіп ертеңгілік өткіздік. Жүргізуші-Рахимова Элмира, күз ханшайымы-Сымбат Серікқызы, жоғарғы топ тәрбиешілері-Бибігүл Қуатқызы, Маржан Қадырқызы, ортаңғы топ тәрбиешісі-Рахымжанова Арай, кіші топ тәрбиешілері- Ыдырысова Сәуле, Абдраш Нұрдана қатысты. Әр топ балалары күз туралы тақпақтар, өлеңдер айтты, би биледі. Әр топтан балалар шығып күзгі сән үлгісімен көріністер көрсетті. Ата-аналар дайындап әкелген күзгі әр түрлі салаттар, жемістерден жасалған көрме көз тартады. Балалардың өнеріне ата-аналар ризашылықтарын білдірді. Белсене қатысқан балаларға мақтау қағазы, алғыс хат табыс етілді. Балаларға күзгі жемістер сыйға берілді.

Дата: 8.11.2014, 6:50 Автор: №24 мектеп-интернаты