№24 орта мектебі бойынша 1 - қыркүйек білім күнінің өткізілуі туралы ақпарат
Мақсаты: «Қазақстан-2050» стратегиясын табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет екендігін, елдігіміздің ертеңі бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ деген үш сөзге сыйып тұрғандығын оқушылардың санасына жеткізу, елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелей отырып, жаңа буын өкілдерін қалыптастыру. Елбасы саясатын насихаттау.
Бұл шараның негізгі мақсаты– білім алушыларға туған елінің тарихи-мәдени мұрасын және қазіргі жетістіктерін меңгеруге, балалар мен білім алушы жастарға өз елінің өркендеуіне үлесін қосуға көмектесу.
Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, Елбасының саясатын насихаттау мақсатын жүзеге асыруда жаңа оқу жылының салтанатты жиыны сағат 10.00-де басталды.
Салтанатты жиынға мектептің педагогикалық ұжымы, ата-аналар , оқушылар толығымен жиналды. Білім күніне арналған салтанатты жиын «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында өтті. Мектеп директоры құттықтай отырып, білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін , шығармашылық табыстар тіледі.