Размер шрифта:

«Мектепке жол» Республикалық акциясы бойынша ақпарат

Республикалық «Мектепке жол» акциясы 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Акция аясында ұйымдар басшылары әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына қамқорлық көрсетуді дәстүрге айналдырған. Бірнеше жыл ұйымдастырылған бұл акция біздің жалпы білім беретін №24 мектепте де үлкен қолдауға ие болып отыр. «Мектепке жол» акциясы шарасының алғашқы күнінде ұйымдар басшылары балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бара алмауының алдын алуды көздейтін акция шеңберінде тұрақты демеушіміз «Балқашщ вагон пайдалану депосы» филиалының директоры Бисенбай Тулеубаевич Балғымбеков.Ата-ана қамқорынсыз қалған Шахов Әлібекке және Шахов Мейрамбекке киім –кешектер табыстады. Тағы бір үнемі демеушіміз «Балқаш сигнализация және байланыс дистанциясы» филиалының директоры Жақып Оңласынұлы Әбішев төрт оқушыға қажетті киім-кешек алып берді, олар Толеубаев Азат,Азамат Қанат, Азамат Қарақат, Азамат Еркеназ. Қалалық маслихат депутаты Берік Әрінұлы Сейсембеков 5 оқушыны киіндірді. Балқаш жол дистанциясы директоры Кенжебеков Төлеубай Сабырұлы екі азқамтылған оқушыларға көмек берді. Балқаш вагон жөндеу депосының басшысы Мурат Толеуович Жумадилов Золоторев отбасының 4 баласына мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтыды.Қарағанды облысы, Балқаш бекеті жол бөлімшесінің басшысы Аманжол Абдикарапұлы Омаров 3 оқушыға мектепке қажетті киім- кешектер алып берді. ЖББ №24 мектеп директоры Қарлығаш жексеновна Ахметова 1 сыныпқа келген 2 оқушыға мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Ата – аналар, көмек берген демеушілерге, көрсетіліп жатқан игі шара ұйымдастырушыларына, жомарт жандарға ризашылықтарын жеткізді. Акция нәтижесінде, жиырма білім алушының мектепке баруына қолдау көрсетіліп, көмек берілді.

Дата: 2.09.2014, 18:50 Автор: №24 мектеп-интернаты