1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде №24 орта мектеп жанындағы «Балауса» жазғы демалу лагерінде өткізілген іс -шаралар туралы ақпарат
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінебайланысты мектеп жанынан құрылған «Балауса» жазғы демалу лагерінде мынандай іс-шаралар өтті.
1.«Бейбіт елдің ұланымыз» концерттік бағдарламаның мақсаты:
1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты лагер балаларына қызықты да көңілді шаралар ұйымдастыру.
Концерттік бағдарлама өте көңілді өтті. Мерекеге жиналған балалар өз өнерлерін көрсете білді. Бірі өлең оқыса , бірі ән айтып, би биледі. Бағдарлама соңында қызықты ойындар ойналды. Мерекелік іс- шарада белсене қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.
2. «Арайлы балалық шақ» танымдық бағдарламаның мақсаты:
Балалардың алған білімдерін ортаға салу, ойлау қабылеттерін дамыту.
Танымдық бағдарламаға балаларға қызыға қатысты. Бұл бағдарламада балалар топқа бөлініп жарысқа түсті. Олар әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, жоғалған сөзді тауып және математикалық тапсырмаларды шешті. Жарысқа белсене қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.
3. «Көңілді старт» спорттық ойындар.
Бұл іс- шараның мақсаты балалардың денелік, ерік қабілеттерін дамыту, кеңістікте дұрыс бағыт таба білу, өз алдына мақсат қоя біліп, оған жете білу, достарына қамқор болуға уйрету, дене шынықтыруға қызығушылығын ояту болды. Ойын қызықты әрі тартымды өтті.
4. «Біз балдырған баламыз» атты асфальтта сурет салу жарысы өтті.
Бұл жарыстың мақсаты балалар мерекеден алған әсерін, көңіл-күйін сурет арқылы көрсету, әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.