Ұлыстың Ұлы күні – 22 наурыз

Ұлыстың Ұлы күні – 22 наурыз

Мақсаты:   Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды  кеңінен насихаттай отырып, оқушыларды  ұлтжандылыққа , мейірімділікке тәрбиелеу және  халқымыздың салт – дәстүрі ,   әдеп – ғұрыптарымен  таныстыра отырып , халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу. 

«Наурыз – көктем»   сурет байқауы 1-11 сынып арасында өтті.  Іс-шараға 25 оқушы қатысып, мектеп фойесінде сурет көрмесін ұйымдастырды. 7 б сынып оқушысы Медведюк Екатерина өз шығармашылығынан сурет көрмесін жасады

18-20.03 күндері арасында «Бармағынан бал тамған» шебер қолдар үйірмесінің қатысушыларымен көрме ұйымдастырды. Жетекшісі Яценко Л.В оқушылардың әртүрлі технологияда жасалған жұмыстарымен таныстырды.  

 

 

21.03 күні сағат 10.00 –де «Қош келдің, Наурыз!» Балқаш бекетіндегі теміржол ұйымдарымен бірлескен  мерекелік іс-шаралар өтті. Іс-шараға мектеп ұжымы, оқушылар жұмылдырылды.  Мерекелік шараны  қала әкімі Н,Е.Аубакиров,  қалалық маслихат депутаты Сейсембеков Б.А   құттықтау сөзбен ашып, бекеттің бас имамы Медет қажы бата берді. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Дата: 31.03.2014, 9:29 Автор: №24 мектеп-интернаты