Размер шрифта:

Қазақстан Президентінің кезекті Жолдауы - Қазақстанның өрлеу жолы

Бүгін тарихымыз тағыда бір жаңалықтың куәсі болды. Елбасы кезекті халыққа деген Жолдауын арнады.Тағатсыз тыңдап шықтық.

Дәстүрлі жолдаудың биылғы тақырыбы - «Қазақстан жолы-2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталады. Бүгін Елбасы 2050 жылға дейін Қазақстанда жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім көлемі 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін жетуі керектігін айтты.  Бұл дегеніміз халқымыздың әлеуметтік жағдайлары бұдан да әрмен жақсаратына сеніміз мол. Қазіргі таңда  істелініп жатқан іс-шаралар өз нәтижелерін беруде. Мақсаттар орындалуда. «2050 стратегиясы» біздің жол сілтеуші шамшырағымыз секілді, біздің негізгі нысанымызды көздеп, күнделікті адами мәселелерді шешу жолында бағыт-бағдарымызды айқындап келеді. Бұл біздің азаматтарымыздың хал-ахуалын 30-50 жылдан соң емес, жылдан-жылға жақсарта түсуге ықпал тигізетіндігі анық», - деді Елбасы. Елбасы дегендей Қазақстан  қабылдаған «Стратегия-2030»   бағдарламасы  экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында 50 елдің қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілді. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды.

            Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.

Президент жолдауының басым бағыттары  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы Жолдауында елдің маңызды даму басымдықтарының бірі – қазіргі білім жүйесі  де аталып өтілді. Біздің ойымызша, сапалы оқу-біліммен қамтамасыз ету, оқу процесіне инновациялық технологияларды  көптеп қолдану білім сапасын жақсартатына күмән жоқ.

Қазақстанда көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізі саналатын жаңа қазақстандық патриотизм бағытындағы басты мақсаттарымыз – қоғамдық келісімді сақтау және нығайту қоғам, ұлт ретінде өмір сүрудің айнымас шарты . Жаңа қазақстандық патриотизм бағыты бойынша мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беру тәсілі арқылы патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі барлық қоғамды біріктіретіндігі анық. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлығы жауапкершілікті тіл саясатының қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі .Жаңа патриотизмді қалыптастырудағы мәдениет пен дәстүрлер іргетасын бекіту заңдылықтары, ұлттық интеллигенцияның қоғамдағы рөлі, ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін төңірегіндегі тұжырымдар  ойландырады.

Стратегия  аясында Мемлекет басшысы болашақтың Қазақстаны төмендегідей болатынына сенімді: «Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары». Біз ұстаздар осы сенім артқан жастарды-сапалы білімімен, ұшқырлы ойлы, тәрбиелі етіп өсіру мақсатында жұмыс жасаймыз.

 

Балқаш қаласы , №24 орта мектеп ұстаздары

Дата: 19.01.2014, 7:18 Автор: №24 мектеп-интернаты