№24 орта мектебінде өткен Жаңа жылдық іс-шаралар жайлы ақпарат
Жаңа жыл — ғажайып мереке. Ол әркімнің жүрегінде өзінше бір үмітпен, бейне бір сезімге толы құбылыспен орын алған.
Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында алдын ала дайындалған іс-шаралар жоспары бойынша 1-4 , 5-7,8-11 сынып аралықтарында Жаңа жылдық кештер, таңертеңгіліктер ұйымдастырылды. «Айбөбек» шағын дамыту орталығында жаңа жылдық таңертеңгілік ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қызықты да , тартымды өткізілді.
1-4 сынып аралығында «Жарқылда, Жаңа жыл», «Новогодний хоровод» акт залда жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі кейіпкерлер киімін киген. Жаңа жылдық мерекенің басты қаһармандары – Аяз ата мен Ақшақардың жанындағы Шрек, жұмбақ сиқыршының арқасында өте қызықты болды!
Көрермендер кішкентай балаларша хормен «Аяз ата! Ақшақар!»,- деп шақырды. Аяз ата мен немересі өздерін көп күттірмей-ақ, жастар арасына келді. Аяз ата келген соң жаңажылдық құттықтаулар, әзіл-сықақтар, ән мен жыр кезек-кезегiмен төгiле жөнелдi.
5-7 сынып арасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» , «В гостях у Новогодней сказки» тақырыбында жаңа жылдық кештер ұйымдастырылды.
Әуелеген әуезді ән және мың бұралтар бимен қатар көрермендер арасында жаңа жылдық конкурстар ұйымдастырылды. Конкурстан үздік шыққандарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Жаңа жылдық шыршаны өткізу 2 сағаттық көңіл көтеру, күлкі, әзіл және думан, қашанда артық етпес оңтайлы шаттықты қолдауды тарту етті.
Жаңа жылдық кешке мұқият дайындалғандығын атап өткен жөн: жылтырақтармен безендірген, өлеңдер мен тақпақтар жаттаған.Жаңа жыл мерекесіне арналған кешке қатысқан жалпы көрермен қауымы керемет әсерде, дән ризашылықта тарасты.
Мектебіміздің «Жасұлан» , «Мұрагер » өзін-өзі басқару ұйымы 8-11 сынып арасында «Жаңа жылдық карнавал» ұйымдастырды. Жаңа жылдық кеше қалалық білім бөлімінің әдіскері Балапанова Ж.С қонақта болып, мектеп оқушыларға жүрек жарды тілегін айтты.Жаңа жылдық кеш өте қызықты өтті.
Дата: 7.01.2014, 19:09 Автор: №24 мектеп-интернаты