Размер шрифта:

№24 орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебі бойынша   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі  күніне арналған   іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебі бойынша   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі  күніне арналған   іс-шаралар жайлы ақпарат

Мақсаты:  Оқушыларды   еліміздің  тәуелсіздік  алғаннан кейінгі  жетістіктермен  таныстыру, білімдерін  кеңейту . Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Халқымыздың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Осындай мақсаты алдыға қоя отырып, мектебімізде «Менің Қазақстаным»  тақырыбында көрме вернисажы ұйымдастырылды.

Көрме вернисажына мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары қатысып,  еліміздің тәуелсіздігіне арналған бейнефильмдарды тамашалады. Бастауыш сынып оқушыларының 116 оқушысы арнайы құрылған кесте бойынша көрмеге ат салысты.

«Мемлекет нышандарын білу және сыйлау» акциясы аясында 5-8 сынып арасында «Әнұраным ән -жырым» тақырыбында байқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты 5-8 сынып оқушыларының ҚР-сының Мемлекеттік Әнұранын жатқа білумен қатар салтанатты ән жайлы түсініктерін ояту, мемлекеттік рәміздерді сыйлауға , құрметтеуге тәрбиелеу. Байқау барысында алдыға қойған мақсатқа толық жетуіміздің дәлелі 5-8 сынып оқушылары байқауға барлық сынып болып қатысумен қатар, танымдық сұрақтарға өте жоғары деңгейде жауап берді.

11.12 күні 8-11 сынып оқушыларымен «Бейбітшілік – тәуелсіз Қазақстанның талабы» атты дөңгелек үстел өткізілді. 8-11 сынып оқушыларынан құрылған төрт топ пікірталасқа түсті.

7А,Б сыныптарының сынып жетекшілері Садуов Б.Е , Аманжолова К.Б жетекшілігімен «Көшбасшылыққа жол» ақпараттық сабақ өтті. Ақпараттық сабақта оқушылар ізденіс жұмыстарын көрсете отырып,тәуелсіздік жылдарындағы елбасының жолдауларына ерекше тоқталды. Өз ойын ашық айта білген7А сынып оқушылары Мукажанова Айсулу, Рзаханов Нұрисламды атап айтуға болады.

Интернационалдық отбасыларға құттықтау 5Б,6Б,7Б,8Б,9Б сыныптарында  ұйымдастырылды. Оқушылар арнайы дайындық жасай отырып , өз тілдерінде құттықтау таратпа қағаздарын таратты.

14.12 күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Жас Ұлан» республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына оқушыларды салтанатты түрде қабылдау жиыны өтті.

Мектебіміздің «Самрұқ» үгіт-насихат тобы «Жасұлан» ұйымының басым бағыттары,   мақсатымен таныстыра отырып, мектеп оқушыларын ҚР-сының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Құттықтау сөз алған Оқушылар сарайының «Жасұлан» ұйымының жетекшісі Әлия Кабдикаримовна  «Самрұқ» үгіт-насихат тобына өз тарапынан алғыс білдірді.

Қалалық саптық ән байқауына қатысқан 4А сынып оқушылары жиын соңында өнер көрсетті.

«Мы – настоящее независимого Казахстана» атты  жас  суретшілеркөрмесі байқауы өтті. Байқауға 1-9 сынып оқушылары қатысты.Сонымен қатар қолтаңбалы қолөнер көрмесі мектебіміздің технология пәнінің мұғалімі Яценко Л.В жетекшілігімен ұйымдастырылды.«Тәуелсіз ел түғырым» тақырыбында 6Б сыныбында ашық сынып сағаты өтті.

 

 

Дата: 6.01.2014, 7:13 Автор: №24 мектеп-интернаты