Балқаш қаласының №24 орта мектебінде 22.07-15.08 аралығында «Біріншіге барамын» атты алаң ұйымдастырылды
Балқаш қаласының №24 орта мектебінде 22.07-15.08 аралығында «Біріншіге барамын» атты алаң ұйымдастырылды.
Бірінші сыныпқа дайындық жұмысын аталған мектептің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аршабекова Құралай Қуандыққызы жүргізді. Алаңға 15 бала қатысты. Балалар сурет бойынша әңгіме құрастыруды,дыбыс,буын,сөз,сөйлем, сөзді буынға бөлу,кеңістікті бағдарлау,шамалар туралы түсініктері, 1-ден 10-ға дейін тура және кері санауды,сан құрамы,есептер құрастыруды,сандарды салыстыру жұмыстары жүргізілді. Дайындық барысында «Жоғалған буын», «Адасқан әріп», «Ұйқасын тап», «Кім жылдам?», «Көршісін ата» деген дидактикалық ойындарға балалар қызыға қатысты.
Сонымен қатар ермексазбен жұмыс кезінде балалардың қол бұлшық еттері жаттықтырылып, жазуға дайындық жасалды.
Сурет салу,жапсыру жұмыстары арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері дамытылды.
Дайындық кезінде серуенге шығып,қимыл-қозғалыс ойындары өткізілді.
«Біріншіге барамын» алаңы көңілді өтіп,бүлдіршіндерге ұнады. Ата-аналар жүргізілген іс-шараға ризашылықтарын білдіріп,алғыстарын айтты.
Дата: 13.08.2013, 9:53 Автор: №24 мектеп-интернаты