Размер шрифта:

Таңғы жиын

Таңғы жиын

Қарағанды облысы Балқаш қаласы білім бөлімінің “№24 мектеп-интернаты” КММ-де 23.02.2026 күні дәстүрлі таңғы жиын өткізілді. Таңғы жиын барысында оқушылар сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны салтанатты түрде орындалды.

 

Өткен аптаның кезекші сыныптары 9«Б» және 6 «Ә» сынып оқушылары қауіпсіздік ережелері мен мектептің ішкі тәртібі туралы қысқаша ақпарат беріп, білім алушыларды тәртіп сақтауға, жауапкершілікке және мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға шақырды.

 

Таңғы жиын кезінде оқушыларға «Жаңалық жасампаз ойдан басталады» тақырыбында ақпарат берілді. Агитбригада мүшелері білім алушыларға шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңашылдыққа ұмтылысын арттыру, кез келген жетістік тың идея мен ізденістен басталатыны, өз ойларын еркін жеткізу, жаңа бастамалар көтеру және мектеп өміріне белсенді араласу қажеттігі айтылды. 

Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі!

Дата: 23.02.2026, 11:30 Автор: №24 мектеп-интернаты