кітап көрмесі
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернат» КММ -де 08.12.2025 ж күні Тарих толқынында» тарих сауаттылық апталығы аясында кітапханашы Бейсембекова А.Б Радика Темірғалиева «Ақ Орда. Қазақ хандығының тарихы», «Соңғы батырлардың дәуірі» туралы тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: Тарихи сананы қалыптастыру – Қазақ хандығының құрылуы, дамуы және батырлар дәуірінің маңызын жастар мен оқырмандарға таныту.Ұлттық рухты көтеру – Қазақ халқының ерлік дәстүрін, батырлардың ел қорғаудағы рөлін дәріптеу.
Әдеби және ғылыми еңбектерді насихаттау – Радика Темірғалиева сияқты авторлардың еңбектерін оқырманға жеткізу, тарихи деректерге қызығушылық ояту.
Дата: 9.12.2025, 13:19 Автор: №24 мектеп-интернаты