«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
Бүгін мектебімізде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз ойын ашық айтуға, пікірталас мәдениетін сақтауға тәрбиелеу және зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Дебат барысында оқушылар мәселенің себептері мен салдарын талқылап, өз көзқарастарын дәлелдеп, шешу жолдарын ұсынды.
Мұндай іс-шаралар жастардың ой-өрісін кеңейтіп, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Дата: 2.12.2025, 9:41 Автор: Школа-интернат №24