таңғы саптық жиын

таңғы саптық жиын

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің

«№24 мектеп-интернаты» КММ-де

01.12.2025 күні таңғы саптық жиын дәстүрлі түрде өткізілді.

 

Таңғы жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Бұл іс-шара оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, бірлік пен ауызбіршілікті нығайту және мектеп дәстүрлерін сақтау мақсатында ұйымдастырылды.

 

Саптық жиынның негізгі тақырыптары:

 

1. «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы

Апталық кезекшілік атқарған сынып оқушылары табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы мазмұнды ақпарат ұсынды.

Оқушыларға қоқысты сұрыптау, өсімдіктерді күту, суды және электр энергиясын үнемдеу сияқты экосана дағдылары түсіндірілді.

 

2. Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Қауіпсіздік сабағында мектеп аумағында, көшеде және үй жағдайында сақталуы қажет қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет алгоритмі талқыланды.

Балаларға жауапкершілікпен жүру, қауіп тудырған жағдайда дереу ересектерге хабарлау керектігі ескертілді.

 

3. Құқықтық білім беру (10 минут)

«Құқықбұзушылық және жаза» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Оқушыларға құқықбұзушылық түрлері, олардың салдары, сондай-ақ жеке жауапкершілік пен тәртіп нормаларын сақтау маңыздылығы туралы нақты ақпарат берілді.

Мектептің агидбригада мүшелері құқықтық мәдениетті көтеру мақсатында шағын көріністер ұсынып, құқықтық ережелерді бұзудың балалар өміріне әсері туралы түсіндірді.

 

Сынып сағаттары

 

Жиыннан кейін барлық сыныптарда тәрбиелік және профилактикалық бағыттағы сынып сағаттары өтті. Онда төмендегі тақырыптар талқыланды:

экологиялық жауапкершілік;

құқықтық тәрбие;

қауіпсіз мінез-құлық дағдылары;

өзара сыйластық және салауатты қарым-қатынас орнату.

Дата: 2.12.2025, 9:38 Автор: №24 мектеп-интернаты