семинар

семинар

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№24 мектеп-интернаты” КММ 24.11.2025 жылы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілген “Қазақмыс” корпорациясының политехникалық колледжі” жекеменшік мекемесі ұйымдастыруымен семинар өтті. Семинар тақырыбы:Өзара әрекеттесу жүйесі «Мектеп–Колледж–ЖОО–Кәсіпорын.

Мақсаты:

Білім беру ұйымдары мен өндіріс орындары арасындағы байланыс жүйесін дамыту;

Оқушылардың кәсіби бағдарын күшейту;

Білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;

Кәсіпорындармен бірлескен жобалар арқылы мамандар даярлаудың сапасын арттыру. Мектебіміздің 9”А” сынып оқушылары “Бейнеролик әзірлеу” конкурсына қатысып Имандыгулова Айтолқын сертификатпен марапатталды. “Инжернерлік старт” жобасына қатысып Жақсылыққызы Алтынай сертификатпен марапатталды.

«Мектеп–Колледж–ЖОО–Кәсіпорын» өзара әрекеттесу жүйесіне арналған семинар білім беру ұйымдары мен өндіріс арасындағы байланысқа жаңа серпін берді. Семинар барысында білім алушылардың кәсіби бағдарын нығайту, дуалды оқыту жүйесін дамыту және еңбек нарығы сұранысына сай мамандар даярлау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Қатысушылар тиімді тәжірибелерімен бөлісіп, оқу орны мен кәсіпорын арасындағы серіктестікті кеңейтуге бағытталған нақты ұсыныстарды ортаға салды. Нәтижесінде тараптар болашақ мамандардың сапалы даярлығына бірлескен жұмыс арқылы қол жеткізу қажеттігін атап өтті.

Бұл семинар оқу орындары мен өндіріс арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейтіп, білім беру жүйесіндегі сабақтастықты қамтамасыз етуге маңызды үлес қосты.

Дата: 28.11.2025, 16:13 Автор: №24 мектеп-интернаты