Размер шрифта:

6–7 сынып оқушылары арасында «Жақсы кітап – жан азығы» жобасы аясында мектепішілік эссе байқауы өткізілді.

6–7 сынып оқушылары арасында «Жақсы кітап – жан азығы» жобасы аясында мектепішілік эссе байқауы өткізілді.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің

«№24 мектеп-интернаты» КММ 19.11.2025 жылы 6–7 сынып оқушылары арасында «Жақсы кітап – жан азығы» жобасы аясында мектепішілік эссе байқауы өткізілді.

Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, көркем сөз арқылы өз ойын сауатты жеткізуге дағдыландыру болды.

Байқауды қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Смагулова Г.С. және Болат Ж. ұйымдастырды. Оқушылар кітаптың адам өміріндегі орны туралы әсерлі, ойға толы шығармалар жазып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша:

6- сынып оқушысы I орын –  Өрікбай Аяжан; II орын – Мәулен Аяжан;

7- сынып оқушысы II орын – Омен Арман; III орын – Данияр Дастан марапатталды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс жарияланып, арнайы мадақтамалар  табысталды. Шара оқушыларды кітаппен дос болуға шақырған мәнді де мағыналы іс-шара ретінде жоғары деңгейде өтті.

Дата: 24.11.2025, 10:42 Автор: №24 мектеп-интернаты