сейсмикалық оқу
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де. 14.11 күні сағат 11:00 уақытында Төтенше жағдай кезінде оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің дұрыс әрекет ету дағдыларын және қауіпсіздігін қалыптастыру мақсатында сейсмикалық оқу жаттығуы өтті. Дабылдан кейін мектептің барлық мектеп оқушылары мен қызметкерлері қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, тез әрі тәртіппен эвакуацияланды. Сонымен қоса өрт қауіпсіздігі өрттің пайда болуын алдын алу, өрт жағдайында жылдам және дұрыс әрекет ету арқылы адамдардың өмірі мен мүлікті қорғау шараларының жиынтығы және өрт сөндіру құралдары, алғашқы көмек ретінде пайдаланылатын сөндіру құрылғыларын қалай қолдану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. #Адал_азамат
Дата: 17.11.2025, 10:38 Автор: №24 мектеп-интернаты