“Демалыста кітап оқимыз” тақырыбында оқу марафоны ұйымдастырылды.
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ-інде қазан айының 31 - інші жұлдызында оқушылардың күзгі каникул кезінде бос уақытын ұйымдастыру бойынша мектеп кітапханасында гайдбук ұсынған 5-6 сынып оқушылары үшін “Демалыста кітап оқимыз” тақырыбында оқу марафоны ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастырып, кітап оқуға баулу, әдеби шығармалар арқылы рухани және танымдық көкжиегін кеңейту, оқуға деген тұрақты қызығушылық пен мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру.
#Адал_азамат
Дата: 11.11.2025, 14:59 Автор: №24 мектеп-интернаты