Таңғы жиын
Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де 29.09 күні дәстүрлі таңғы саптық жиын өткізілді.
Жиын мемлекеттік әнұранмен ашылып, өткен аптаның қорытындысы мен маңызды жаңалықтар талқыланды. Осы аптадағы жиынның басты тақырыптары өткен аптаның қорытындысы мен маңызды жаңалықтар талқыланды. Апта аясында оқушылардың адамгершілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған – Қариялар күні мен Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған тәрбиелік мазмұндағы танымдық-тәлімдік жұмыстарға назар аударылды.
Кезекшілік атқарған сыныптар "Қариясын қадірлеген ел – қазыналы ел" және "Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы" тақырыптарында ақпарат дайындап, оқушылармен бөлісті.
Оқушыларға қарияларды құрметтеу, ата-әжеге ілтипат білдіру — ұлттық тәрбиенің алтын арқауы екені түсіндірілді. Сондай-ақ, ұстаз еңбегінің маңыздылығы мен қадір-қасиеті туралы айтылып, шәкірттерді алғыс айтуға, сыйластыққа шақырды.
Қария – ел шежіресі, тәрбие мектебі.
Ұстаз – білім бұлағы, жүрек жылуын аямайтын жан.
Жиын барысында сынып жетекшілері оқушылардың бойында үлкенге құрмет, ұстазға тағзым, еңбекке адалдық сынды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған әңгіме жүргізді.
Тақырыптық сынып сағаттары "Қариялар – ұлт қазынасы" және "Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек" атауымен өтті. Бұл кездесулер оқушылардың адамгершілік құндылықтарын нығайтып, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына ықпал етті.
# Адал_азамат
Дата: 30.09.2025, 9:34 Автор: №24 мектеп-интернаты