“Ұстазым,сізге мың алғыс”

Қарағанды облысы Білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№24 мектеп-интернаты” КММ 6”Ә” сыныбында “Ұстазым,сізге мың алғыс”сынып сағаты өтті. Мақсаты:

Оқушыларға ұстаз еңбегінің маңызын түсіндіру;

Ұстазға деген құрмет пен алғыс сезімін ояту;

Мектеп пен ұстаздың тәрбиелік рөлін дәріптеу.

Ұстаз – адам өміріндегі ең асыл жанның бірі. Әрбіріміздің білім алып, арманымызға жетуімізге жол көрсететін тұлға – ұстаз. Ол тек қана әріп танытып, білім беріп қана қоймай, өмір сүрудің мәнін, адамгершілікті, ізгілікті үйретеді.

 

«Ұстаз – мектептің жүрегі» деп бекер айтылмаған. Себебі, шәкіртін адамдық жолға бастайтын, жақсылыққа тәрбиелейтін де – ұстаз. Сондықтан да біз әрқашан ұстазға алғыс айтып, еңбегін бағалай білуіміз керек #Ұстазыңдықұттықта

Дата: 30.09.2025, 9:32 Автор: №24 мектеп-интернаты