Размер шрифта:

Менің мектебім буллингке қарсы» атты флешмоб

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты"КММ-де.   19.09 күні мектеп оқушыларымен «Менің мектебім буллингке қарсы» атты флешмоб өтті. Шараға 115  шәкірт қатысты. Флешмоб мақсаты - оқушылар мен педагогтердің антибуллингтік санасын қалыптастыру, әлеуметтік мәні бар міндеттер негізінде мектеп қауымдастығы ішінде бірігу мен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету.Әрбір қатысушы зорлық-зомбылық пен агрессияға қарсы өз ұстанымын білдіріп, бір-бірін құрметтеу мен қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл флешмоб барлығына ұжымдағы достық, өзара түсіністік пен бірліктің құндылығын тағы да еске салды.#Адал_азамат

#Менің Мектебім Буллингке қарсы 2025

Дата: 23.09.2025, 9:59 Автор: №24 мектеп-интернаты