Біз буллингке қарсымыз»
Балалар мен жасөспірімдерде буллинг пен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында 7"А" сыныбы «Біз буллингке қарсымыз» челленджіне қатысуда.
Буллинг – бұл мазақ ету, ауыр сөздер мен адамды жаралайтын әрекеттер, олар жанға ғана емес, болашаққа да із қалдырады.
Өте маңызды нәрсе – мазақтау ешқашан адамды мықты етпейді, ал достық пен қолдау – нағыз күш!
Оқушылар буллингтің алдын алу бастамасын қолдап, балалар арасында мейірімді қарым-қатынастарды қалыптастырудың және агрессия мен құрметсіздікке жол бермеудің маңызды екенін атап өтті.
Біз таңдау жасаймыз – сыйластықты, мейірімділікті және командалық рухты.
Әрбір күн реніштің емес, күлкі мен қуаныштың себебі болсын.
#dosbollike
#dosbollike25
#адал_азамат
Дата: 23.09.2025, 9:50 Автор: №24 мектеп-интернаты